«Өз заманының реформаторы Нұрсұлтан Назарбаевқа құрмет жалғаса беруі тиіс» дейді қоғамдық белсенді Альфия Адиева

2018041912053666097 5054 6 astana mozhet stat perv ru Жаңалықтар

Atr.kz/23 наурыз, 2019 жыл. Елбасының төл туындысы болып табылатын елордаға Тұңғыш Президент есімінің берілуі ақжүрек халқымыздың алғысының символы.

Тарих таңдаған тұлға, тақырдан таудай мемлекет тұрғызған реформатор Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа құрмет жалғаса беруі тиіс. Қазақстанда әлі күнге дейін атауы өзгермей тұрған Петропавл сияқты қалалар бар. Оның қасында заманауи Қазақ мемлекетінің негізін қалаған Елбасының еңбегі ұлығылануы тиіс. Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев тарихпен таңдалған кемеңгер тұлға. Арада жүздеген жылдар өтсе де, Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлік бейнесі, Қазақ елінің бүгіні мен болашағы жолында сіңірген ұшан-теңіз еңбегі еш уақытта ұмытылмайды.

Себебі, Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев заманауи Қазақ мемлекетінің ресми түрде негізін қалады. Кеңес Үкіметі құлаған сонау аламағайып кезеңде Қазақ жеріне көз тіккен, еліміздің кең байтақ территориясына қызғана қараған сыртқы жау көп болатын. Күйреген экономика жағдайы өз алдына бөлек тақырып. Осындай сындарлы кезеңде Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақ мемлекетінің іргетасын қалап, елімізді нөлдік деңгейден бүгінгідей қуатты республика деңгейіне алып шықты. Түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері Елбасы жүргізген салиқалы да сындарлы саясат нәтижесінде ортақ мүдде жолында топтасқан қазақстандықтарға айналды. Ынтымақ пен берекенің бесігінің символы – Қазақстан халқы Ассамблеясы институты тәжірибесін әлем елдері мойындап, үлгі етуде.

abf665d8ac9ceb614578347a673

Кең байтақ территориямыздың ресми түрде шегенделген шекарасы том – том кітаптарға да сыймайтын тақырып. Себебі, осындай ұлт тағдыры таразыға түскен сындарлы кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев парасаттылық, байсалдылық, кемеңгерліктің қайталанбайтын қолтаңбасын қалдырды. Айбынды армиямыз, қуатты әскеріміз бар. Бүгінде әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына қосылуды мақсат етіп отырған Қазақ елінің жарқын болашағына сенеміз.

Міне, осындай игілікті істердің бастауында тұрған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі қашан да ұлығылануы тиіс» дейді қоғамдық белсенді Альфия Адиева.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз