
Жаңалықтар
Қоймадан шыққан өрт
АҚШ. Окленд қаласындағы өрттен қаза тапқандар саны 33 адамға жетті. От кәдімгі қоймадан шыққан.
Алайда, оны түнгі клуб ретінде пайдаланған. Өрт сөндірушілер ғимараттың ішін әлі тексеріп жатыр. Марқұмдардың арасында басқа елдердің азаматтары да болған. Қайғылы оқиға кезінде ғимаратта 100 адамға дейін болуы мүмкін. Өрттің шығу себебі әлі анықталған жоқ.