Жаңалықтар
ОТАНДЫҚ ТАУАРЛАРҒА – БАСТЫ НАЗАР
Министрдің айтуынша, қазақстандық қамту бағытындағы шараларды күшейту мақсатында белсенді импорт алмастыру саясаты жаңғыртылады. Ірі кәсіпорындар мен ұлттық компаниялардың тауарлар мен қызметтерді сатып алуларындағы жергілікті қамтуды кеңейту бойынша жалпы сомасы 1,4 триллион теңгені құрайтын 407 меморандумға қол қойылған.
«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сауда желілерінде қазақстандық тауарлар секцияларын ашу арқылы «Қазақстанда жасалған» акциясы іске қосылды», — деді министр.
Басты жаңалық сол, Еуразиялық экономикалық одақ аясында күні бүгінде Ресеймен бірлесе отырып, сыртқы әсерлерден қорғану мәселесіне қатысты сәйкесінше кеңестер жүргізіліп жатыр.
Өз тілшіміз.