Жарнама
Жаңалықтар

ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ ӨНДІРУ

Жалпы, Қазақстан сервистік компаниялар одағының бас директоры Дәуіржан Ауғамбайдың айтуынша, 2011 жылы құрылған құрылым бүгінде 100 шақты ірілі-ұсақты компанияның басын біріктіріп отыр. Оған мүшелікке тілек білдірушілер саны да артуда. Осы шараның өзіне отандық және шетелдік жүзге жуық құрылыс пен жиырмадан аса инжиниринг компания өкілдері қатысты.

Конференция барысында сөз алған ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзом Мырзағалиев, «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарушы директоры Мұрат Жүребеков, «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорны бас директорының орынбасары Әнуарбек Жәкиев, NCOC компаниясы атқарушы директорының орынбасары Жақып Марабаев, т.б. республикада мұнай-газ саласында жүзеге асырылып жатқан жобаларда қазақстандық мазмұнды дамыту жайын әңгімеледі. Бұл бағыттағы жетістіктермен қатар кейбір кемшіліктер де, күрмеулі проблемаларды шешу жолдары да айтылды.

Жиын барысында оған қатысушылар алдымыздағы президенттік сайлауда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдайтындықтарын да білдірді.

      М.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.   

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button