snimok 6

Отандасымыз алғашқы кездесуін сәтті аяқтады

Жаңалықтар Тәуелсіздікке 30 жыл
49 / 100

Токио Олимпиадасының бесінші жарыс күні қазақстандық спортшылардың арасынан алғаш болып жарыс жолына таеквондошы Жансель (Жансәуле) Дениз шықты, – деп хабарлайды atr.kz

67 келіден жоғары сал­мақта Жансель Дениз алғашқы айқасын өзбек спортшысы Светлана Осиповаға қарсы өткізді.

Тартысқа толы өткен жекпе-жекте қазақ спортшысы жеңісті соңғы секундтарда жұлып алды. Есеп – 10:9.

Отандасымыз бірінші раундта 4:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші раундта 1: 8 есебімен жеңілді, ал үшінші раундта Дениз 5:1 есебімен басым түсті.

Енді ол ширек финалда британиялық Бианка Уолкденге қарсы шығады.

Ширек финал бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен 11:30-да өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған