Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

Отандасымыз алғашқы кездесуін сәтті аяқтады

Токио Олимпиадасының бесінші жарыс күні қазақстандық спортшылардың арасынан алғаш болып жарыс жолына таеквондошы Жансель (Жансәуле) Дениз шықты, — деп хабарлайды atr.kz

67 келіден жоғары сал­мақта Жансель Дениз алғашқы айқасын өзбек спортшысы Светлана Осиповаға қарсы өткізді.

Тартысқа толы өткен жекпе-жекте қазақ спортшысы жеңісті соңғы секундтарда жұлып алды. Есеп — 10:9.

Отандасымыз бірінші раундта 4:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші раундта 1: 8 есебімен жеңілді, ал үшінші раундта Дениз 5:1 есебімен басым түсті.

Енді ол ширек финалда британиялық Бианка Уолкденге қарсы шығады.

Ширек финал бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен 11:30-да өтеді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button