Жарнама
Жаңалықтар

«ОТАН ҚОРҒАУҒА ДАЙЫНБЫЗ!»

 

— Отан алдындағы әскери борышын өтеуге Атырау облысынан осындай өнегелі, білімді адамдарды жіберіп отырмыз. Ендеше, болашақ сарбаздарға азаматтық міндеттеріңді абыроймен атқарып келіңдер деген тілек айтамыз. Ата-аналарың, бауырларың, жерлестерің сендердің әскерден аман-есен келулеріңді тағатсыздана күтеді, — деді облыс әкімінің орынбасары, облыстық әскерге шақыру комиссияның төрағасы Шыңғыс Мұқан.

Облыстық әскерге шақыру комиссиясы мүшелерінің құрамында дәрігерлер, теолог, полиция, мемлекеттік қауіпсіздік комитеті, ауған соғысы ардагерлер қоғамы, басқа да құрылымдардың өкілдері бар. Олардың өз салалары бойынша әскерге шақырылушыларға қоятын сұрақтары аз болмады. Ал, болашақ жауынгерлер оған нақты да толық жауап беруге ұмтылды.

— Тиісті заңдылыққа сәйкес, елімізде күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны басталды. Соған орай жергілікті жерде ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы құрылған медициналық комиссияның шешімімен жастар мемлекетіміздің Қарулы күштерінің қатарына қабылдануда. Бүгінде жан-жақты әрі терең сараптамадан өткен 700 сарбаз Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды, – деді Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы Руслан Ниеталиев.

Отар қаласындағы №24450 әскери бөлімге бұл жолы біздің облыстан 50 жас аттанды. Соның 18-і – Атырау қаласының тұрғыны. Әскери командаға қабылдап алушы офицерлер жерлестеріміздің «саулығы жақсы, Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеуге толық  дайын» деген баға берді.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button