Жарнама
Жаңалықтар

Осы жылғы наурыз айынан бастап жеке тұлғалар банкроттыққа өтініш бере алады

Бұл туралы Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Әліби Бақытжанов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өткен жылы желтоқсанның 29 күні ҚР Парламент Сенаты «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңды мақұлданған болатын. Заң ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң күшіне енеді. Яғни, қарызы бар азаматтар осы наурыз айынан бастап банкроттыққа арыз бере алады. Заң үш түрлі рәсімде қарастырылады.

— Жаңа заң бойынша банкроттық деп танылу үш түрге бөлінеді. Атап айтсам жеке тұлғаның соттан тыс банкроттығы, сот арқылы танылатын банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Соттан тыс банкроттықты Мемлекеттік кірістер басқармасымен қарастырылады. Ал өтінішті наурыздан бастап еGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады. Жеке тұлғаның қарызы 5,5 миллион теңгеден аспаса екінші деңгейдегі банктерге немесе микроқаржы ұйымдарына өз өтінішін беруге мүмкіндігі бар. Банкроттықтың бұл түрі туралы ақпарат https://id.mkb.kz сайтында қолжетімді. Ал екінші түрі, бұл – сот арқылы танылатын банкроттық. Борышкер өтінішті тұрғылықты жеріндегі сотқа жаза алады. Аталған банкроттықтың түріне барлық кредиторлар алдындағы қарыз есептеледі. Үшінші түрге келетін болсақ, ол — төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Бұл да сот арқылы қарастырылып, өтініш сотқа жазылады. Мұның ерекшелігі – тұрақты табыс болған жағдайда, қарызды төлеу үшін сот тәртібімен 5 жылға дейін бөліп төлеу жоспарын алу мүмкіндігі қарастырылған. Аталған рәсімнің өзгелерден артықшылығы –  «Банкрот» мәртебесін алмайды, сондықтан банкрот үшін көзделген салдар оған қолданылмайды,- деді Ә.Бақытжанов.

Сондай-ақ оның айтуынша, наурыз айынан бастап өз күшіне енетін заңға өтініш беріп, банкроттық мәртебиесін алған тұлға банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жылға дейін қарыз алмайды және шетелге шыға алмайды. Сондай-ақ қайта банкроттыққа 7 жылдың ішінде өтініш бере алмайды. Жеке тұлғаға 7 жыл өткеннен кейін өтініш жазу мүмкіндігі пайда болады. «Банкрот» мәртебиесін алғаннан кейін 3 жыл ішінде мүліктігі және есепшоттары бақылауда болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button