Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғам

Қос маршрутта – жаңа автобустар

Жаңа жыл қарсаңында Атырау автобус паркі №4 және 8 бағыттарда қатынайтын 20 жаңа автобуспен толықты.

321321321321

Осы орайда №4 маршрут өз бағытын өзгертті. Бұл Нұрсая ықшамауданынан «Дина» базарына дейінгі жол мен автобусаралық интервал ұзақтығын қысқартпақ.

– Бұрын №4 автобус Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік және мұнай-газ университеттеріне аялдап жүрді. Енді тікелей орталық көпір арқылы Махамбет көшесімен бірден «Дина» базарына барады. Ал, №8 маршрут бұрынғы бағытымен жүреді. Яғни, Ақжайық (Ширина) ауылынан Береке (Контейнерный) ықшамауданына қатынайды, — дейді «Смарт Атырау» мекемесінің директоры Әділбек Танкиев.

Облыс әкімінің тапсырмасымен Атырау қаласында қоғамдық көлік қатынасын реттеу үшін «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының қатысуымен «Atyrau-Avtopark» автобус паркі құрылған болатын. Оған Семей қаласынан 65 жаңа автобус сатып алынды. Соның арқасында №№14, 12, 2, 4 және 8 бағыттағы көліктер түгелдей жаңартылды.

Бұдан бөлек, қоғамдық көлікті дамыту тұжырымдамасын іске асыру аясында биыл қосымша тағы 200 автобус алу жоспарлануда. Мұның бәріне автопаркті жаңартудың жаңа бағдарламасы шеңберінде «БРК-Лизинг» мекемесінің операторлығымен қол жетіп отыр.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button