
Жаңалықтар
Орынбордағы Жайық деңгейі 11 метрге жақындады
Орынбор маңындағы Жайық өзеніндегі су деңгейі 10 м 75 см белгісіне жетті. Бұл туралы облыстық жедел штаб хабарлады.
–Бұл бүгін, 11 сәуір сағат 12:00-дегі деректер. Шамамен бір сағат ішіндегі су деңгейінің өсімі 6 сантиметрге көтерілгені байқалды, — дейді облыстық штаб.