Орталық көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек
Сəуір айының 5-інен бастап Атырау қаласындағы орталық автокөлік көпірінде ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды.
Қалалық əкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл жұмысты «КазСпецНефтеСтрой» ЖШС кəсіпорны орындайтын болады. Сол үшін де көпір арқылы көлік қозғалысы тəуліктің белгілі юір мезгілінде тоқтатылып, уақытша жабылады.
Айта кету керек, жөндеу жұмыстарының барысында орталық көпірдің жолдарында пайда болған, көліктердің қозғалысына қолайсыздық туғызып, қауіп төндіретін ойылып қалған тұстары бітеліп, жөнге келтіріледі.
Нақтылай кетсек, ағымдағы жөндеу жұмыстарының нəтижесінде барлығы 18 мың шаршы метр аумақ қамтылады деп жоспарланған.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылып жатқан жөндеу жұмыстары осы аптаның соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Дəулетқали АРУЕВ