Қор қаржысы қайтарылады
— Mega Silk Way» сауда орталығы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қор қаражатын қайтарады Қазіргі таңда MEGA алған қарызды жедел өтеуде, — деді «Қазақстан даму банкі» АҚ басқарма төрағасы Болат Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында.
— Қазір бір миллиард сомасы төңірегінде сөз қозғалып отыр. Қойылған мөлшердің жоғары болуына байланысты себеп ол біреу – экономикалық. Сондықтан, тез арада осы міндетпен аяқтауға асығып отыр, — деді Болат Жәмішев.
Сондай-ақ, басқарма төрағасы Қазақстанда көбіне Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатының негізінде MEGA жобасына құйылған инвестиция төңірегіндегі мазаны алған сұрақтар жиі қойылатынын алға тартты. Оның айтуынша, аталған қор үшін Қазақстан даму банкі қарыз алушы болып табылады.
— Қазақстанда тұрақтылықты сипаттайтын және қарыз алушы ретінде өзін ұсынатын жоғары рейтингке ие ұйымдар көп емес, — деді Болат Жәмішев.