Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

Онлайн-сақтандыру: тиімділігі неде?

Елімізде биылдан бастап қағаз түріндегі сақтандыру полисі жойылады. Енді көлік жүргізушілері қажетті құжатты интернет-ресурстарды пайдалана отырып, электронды түрде алуына болады. Ендеше, бұл жүйенің тиімділігі неде? Жаңа әдіске атыраулық сақтандыру компаниялары әзір ме?

Онлайн - сақтандыру

Онлайн-сақтандыру шарттарының қағаздағы полистердің айналысы жойылады. Келісім-шарт жасау сақтандыру бойынша бірыңғай дерекқорға сұрату жіберу арқылы тексеріледі. Енді автокөлік иелерінің қазіргідей әкімшілік полицияның қызметкерлеріне сақтандыру полисін ұсынуы қажет емес.

Онлайн-сақтандыруды енгізу халық пен бизнес үшін сақтандырудың құнын арзандатуға, шарттарды кеңсеге бармай-ақ немесе делдалдардың қатысуынсыз сақтандыру компанияларының интернет-ресурстары арқылы тікелей жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сақтандыру төлемдерін алуды жеделдетеді. Компаниялар көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарын электрондық нысанда жасау кезінде 10 пайызға дейін жеңілдік беруге құқылы.

Онлайн - сақтандыру2

*Сіз не дейсіз?

 

Атауолла НЫҒМЕТОВ, көлік жүргізуші:

– Бүгінгі таңда заман талабына сай барлық құжат айналымы электронды форматқа ауысып жатыр. Тіпті, балабақшаға кезек алу да онлайн жүйеде жүргізіледі. Сондықтан, автокөлік иелеріне сақтандыру полисін электронды форматқа көшіруді өркениетке тағы бір қадам деп түсінемін. Жалпы, дамыған елдерде мұндай жүйе бұрыннан бар.

Заңдағы өзгеріс қазақстандық туристердің де мүліктік мүддесін қорғайды. Қолданыстағы заңнама туристердің мүддесін қорғауға мүмкіндік бермейді екен. Мысалы, қазіргі кезде туристер сақтандыру төлемдерін шетелден қайтып келгеннен кейін және соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде ғана алады. Сақтандыру оқиғасы басталғанда туристің құқығы шетелде қорғалмауы айқын. Енді қазақстандық туристерді қорғау мақсатында жаңа заң шет елге шығатын туристің өзінің мүліктік мүддесін міндетті сақтандыруға көшуді көздейді.

 

Алтынбек БАЖЕНОВ, «Евразия СК» акционерлік қоғамы Атырау облыстық филиалының директоры:

– «Сақтандыру қызметі» туралы заңға енгізілген өзгерістерге байланысты 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сақтандыру келісім-шарттары электронды түрде жасақталатын болады. Бұл қалай жүзеге асады? Яғни, сақтандыру ұйымы өз сайтында ашық түрде келісімшарт жасауға ұсынысты, оның шарттарын орналастырады. Компания талаптарымен танысқан тұтынушы келісім-шарт жасақтау үшін сақтандырушыға мәліметтер жолдайды (жеке куәлігі, көлік жүргізуші куәлігі, транспорт құралын тіркегендігін куәландыратын құжат). Сонан соң сақтандырушы немесе оның автоматты жүйесі сақтандыру ақысын төлеуге есепшот жібереді. Тұтынушы төлемақыны өтегеннен кейін құжат заңды түрде жасақталды деп саналады. Бұл туралы оған электронды немесе СМС хабарлама жіберіледі. Сондай-ақ, тұтынушы филиал кеңселеріне келіп те электронды түрде келісімшарт жасай алады.  Сақтандырылушы кез келген уақытта мәлімет алу үшін жасақталған құжаттар тәулік бойы үздіксіз жұмыс істеп тұратын интернет ресурста сақталады.

Ерікті сақтандыру келісім-шарттары сондай-ақ электронды түрде ғаламтор арқылы да жасақталатынын естен шығармауымыз керек. Ал, біздің «Евразия СК» акционерлік қоғамы онлайн-сақтандыру жүйесі бойынша жұмыс істеуге дайын. Біз тұтынушы талаптарын ескере отырып, тәжірибелі мамандардың қызметін ұсынуға әзірміз. Айталық, аудан орталықтары мен ауылдарда бұрынғыдай сақтандыру агенттері қызмет көрсете береді. Демек, өз бетінше тіркей алмаған тұтынушы солардың көмегіне жүгіне алады.

 

Данияр АҚЫШЕВ, ҚР Ұлттық Банк төрағасы:

– Сақтандыру саласындағы жаңа заң жобасы Қазақстанда онлайн-сақтандыруды дамытуға жол ашады. Өйткені онда онлайн-сақтандыруды енгізу көзделген. Әлемде онлайн сатып алушылардың үлесі 40%-ды құрайды. 2015 жылы тұтынушылардың 79%-ы таяу жылдары сақтандыру құжатын электрондық арналар арқылы сатып алуға дайын екендігін білдірді. Мысалы, Ұлыбританияның 70%-дан астам тұрғыны сақтандыру құжатын телефон немесе интернет арқылы сатып алады. Францияда онлайн полисті сатып алушы клиенттердің үлесі 50%-ға жуық.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button