Жарнама
БілімЖаңалықтар

ОНЛАЙН: Сыңғырла, соңғы қоңырау…

Аtr.kz/25 мамыр, 2020 жыл. 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде оқу жылының аяқталуына орай соңғы қоңырау он­лайн режимде соғылады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

– Білім саласында осы апта маңызды екендігін ескере отырып, тоқсандық бақылаулардың дұрыс өткізілуін қадағалау қажет. 25 мамырда соңғы қоңырау мерекесі міндетті түрде онлайн режимде өткізіледі, — деді министрдің орынбасары.

Осы ретте ҚР Білім және ғылым министрлігі Асхат Аймағамбетов жоғарыда аталған ұсыныстар еліміздің Денсаулық сақтау министрлігімен келісілгендігін атап өтті:

— 25 мамырда онлайн режимінде 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау сынып сабақтарын өткіземіз. Жыл қорытындысын сол жерде әр сынып бойынша жасауға, оны әртүрлі уақытта өткізуге болады. Оны асыра ұйымдастырудың қажеті жоқ. Әр сынып жетекшісі қай уақытта, қалай өткізетіндігін ешқандай есепсіз, сұраусыз жеке тәртіпте өткізуі тиіс,- деді сала жетекшісі.

Министр 3-4 маусымда мектеп түлектеріне аттестат тапсы­ру шарасы кезінде санитарлық талаптардың қатаң сақталуы тиістігіне ерекше тоқталды.

БАЛАБАҚШАЛАР ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Атырауда мектепке дейінгі балалар мекемелері ашылып, азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер жұмысын баста­ды. Атырау облысының б а с с а н и т а р л ы қ дәрігері Темірбек М ұ с а ғ а л и е в т і ң қаулысына сәйкес, 18 мамырдан бастап оқыту орталықтары, ж а з ы л у а р қ ы л ы 5 адамнан аспай­тын репетиторлық, тілдік және өзге де үйірмелердің жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

Сондай-ақ, ауданы 2 мың шаршы метрден аспайтын азық-түлік емес тауарлар сататын дүкендер де ашылды. Аталған кәсіпкерлік нысандарының барлығы таңертеңгі сағат 10.00-ден кешкі 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Ал, 20 мамырдан бастап, меншік нысанына қарамастан барлық балабақшаларда кезекші топтарды ұйымдастыруға рұқсат берілді. Балабақшаларға балаларды әкелу үшін ата-анасының екеуі де немесе қамқоршылары мен асырап алушылар жұмыс істейтіні туралы анықтаманы көрсетуі тиіс.

ПЕДАГОГТАРҒА – ҮСТЕМЕАҚЫ

«Педагог мәртебесі туралы» заң аясында биылғы қыркүйек айынан бастап педагогтарға үстемеақы алу мүмкіндігі туып отыр. Ол үшін жаз айында тестілеуді, жалпы аттестаттау рәсімін өткізіп алуымыз керек. Қыркүйектен бастап аттестаттаудан өткен әріптестеріміз үстемеақы алуы тиіс» деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр бұған дейін балабақша, колледж педагогтері, директорлар мен олардың орынбасарлары атте­статтаудан өтпегенін және үстемеақы алмағанын атап өтті.

«Бұл мәселе көптен бері көтеріліп келді. Мысалы, колледж педагогтары аттестаттаудан өтеді. Бірақ, алған санатына тиісті үстемеақы берілмейтін. Мектеп мұғалімдері үстемеақы алады, ал, колледж мұғалімдері алмайтын. Балабақша бойынша да осы мәселені әріптестеріміз қанша жылдан бері көтеріп келді. Ди­ректорлар мен олардың орынбасарлары туралы тіпті айтудың да керегі жоқ. Олар аттестаттаудан өтпейтін және өтсе де үстемеақы алмайтын.

Енді директор мен оның орынбасарла­ры аттестаттаудан өтіп, нәтижесінде 30-дан 100 пайызға дейін жалақысына қосымша үстемеақы алу мүмкіндігіне ие болады. Балабақша, мектеп, колледж педагогтарына 30-дан 50 пайызға дейін жалақысына қосымша үстемеақы алуға мүмкіндік туып отыр. Бұл қаңтар айынан бастап қосылған 25 пайыз жалақыға қосымша төленеді» деді министр.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button