Жарнама
ЖаңалықтарСарапTimeЭкономикаҚоғам

ОНЛАЙН НЕСИЕ: Салдары мен сабақтары

Аtr.kz/16 маусым, 2020 жыл. Аяқ астынан пайда болған коронавирус кеселінің салдарынан дүние жүзі халқы амал­сыздан көшеге шыға алмай, үйлерінде отырып қалды.

Жұмыссыз қалған көпшілікті, ең алдымен, қаражат жағы қинады. Бұл, әсіресе, осыған дейін түрлі қажетіне мыңдаған-миллиондаған несие алған жұртқа ауыр соқты. Олар несиесін төлеу үшін ағайын-туыс пен тамыр-танысты жағалады, қарыз сұрады. Осындай сындарлы сәтте мемлекет үлкен қолдау көрсетті.

 Тереңірек үңіліп қарасақ, көбіне банктерден қыруар көлемде несие алатын біз – қаракөздер. Оған себеп – ұл-қызымыздың шаңырақ көтеру тойлары, одан кейін өтетін құдалықтар, шілдехана, мерейтойлық қуаныштар, үйге күрделі ж ө н д е у ж ұ м ы с т а р ы н жүргізу, бірнеше бөлмелі жер үй салу, ақыр аяғында: «анадан» қаламыз ба, «мына­дан» кембіз бе?!» деген түкке татымайтын бәсекелестік көзқарас. Мойындаймыз: тыпыр етпей, екі ай бойы үйден шықпай отырған біраз адамның жүйкесі жұқарды. Олар сәл нәрседен ілік іздеп, өзінің де, өзгелердің де берекесін қашырды.

Кейбір ерлі-зайыптылар бір-бірімен жиі ренжісіп, түңіліп, тіпті «сенен ажы­расамын!» деуге дейін бар­ды. Орта жастағылар мен қариялардың да шыдамда­ры таусылды. Олар да кей жағдайда түрлі сөзімен, іс- әрекетімен үйдегілердің ренішін тудырды. «Уақыт – емші» демекші, қазіргі күнде сол таусылмастай көрінген қиындық та біртіндеп артта қалуда.

Сөйтіп, бұйырса, жан- жаққа жол да ашылар, мәдени-қоғамдық орындар да өз қызметтеріне кірісер, банктер де «менмұндалар» – сонда қайтеміз, ағайын, тағы да қыруар қарызға бата­мыз ба? «Ауруын жасырған өледі» дегендей, қанша жер­ден қиыншылық болды десек те, еліміздегі карантинге қарамастан онлайнмен не­сие, қымбат бағалы заттар мен оргтехникалар алмақшы болғандар қатары көбеймесе, азаймаған. Әрине, мұндай өтініштердің бәрі бірдей қанағаттандырылып жатқан жоқ.

Сонда да адамдардың бұрынғы тірліктен әлі де бол­са қол үзе алмай жүргендері анық байқалады. Бұл туралы ҚР Қаржы нарығын рет­теу және дамыту агенттігі Қаржылық қызметтерді  т ұ т ы н у ш ы л а р д ы ң қ ұ қ ы қ т а р ы н қ о р ғ а у департаментінің директо­ры Александр Терентьев жан-жақты айта келе: «Он­лайн қарыздарды отбасылық бюджетіңіздің ойсыраған жерін жамайтын амалдың бірі деп қабылдауға болмай­ды», — деді.

Расында да, коронавирус пандемиясы адамның ертеңге деген сенімінің әлсіздігін, қаржылық сауатының аздығын дәлелдеп берді.

 Имандай шынымыз сол, қазіргі күнде: «Жұмысым бар, несіне қысыламын?! Алған несиемді тездетіп «жауып» тастаймын ғой!» деп нық сеніммен айтуға да болмайды. Сол себепті, банктерден қыруар несие алмас бұрын қайта-қайта ойланған дұрыс. Мүмкін босқа шашылып той жасауды да сиреткен жөн шығар. Өйткені, екі жастың бақытты тұрмысы жарты миллион қонақ шақырып жасаған аста-төк тойға емес, екеуінің өзара сыйластығына байла­нысты ғой.

Иә, карантин уақыты  көпшіліктің берекесін қашырды. Сабырсыз жандар ненің не екенін, кімнің кім екенін ажыратудан қалды. Тіпті туған балалары мен ата- аналары бір-бірінің бір ауыз сөзін көтере алмай, суицид  жасауға ұмтылғандар да бар. Сонда адам бұл өмірге не үшін келеді? Осынау сұраққа дені «Бақытты болу үшін!» деп жауап беруі мүмкін. Ал, бақытты болу деген не?

О с ы с ұ р а қ т ы ң ж а ­уабын білу үшін Гарвард университетінің ғалымдары үлкен зерттеу жүргізіпті. Ол зерттеу жұмысы 1938 жылдан басталып, ауқымды мерзімді қамтыған. Ғалымдар 724 адамды дүниеге келген күнінен бастап таңдап алып, оларды сексен жыл бойы жан-жақты зерттейді. Ақыр аяғында ғалымдар: «Адам үшін бақыт дегеніміз – ол айналаңдағылармен жақсы қарым-қатынас орната білу. Яғни, таныстықтың саны емес, сапасы маңызды» деген ортақ тұжырымға келеді.

Дұрыстап ойланып қарасаңыз, шынымен де со­лай екен. Бақыт деген – бастан-аяқ байлыққа кенеліп отыру емес, не болмаса, алтынмен аптап, күміспен күптеген кең сарайда тұру емес. Бақыт – ол деннің саулығы, сарыуайымға са­лынбау, айналаңдағылармен адами қарым-қатынаста болу. Міне, осының өзі – пенде үшін үлкен жетістік, телегей теңіз бақыт!

Қай ұлттың да, соның і ш і н д е , қ а з а қ т ы ң д а өзіндік «мені» бар. Осы «мені» қордалана келе оны пендешілікке, менмендікке алып келеді. «Анадай көлікті мен неге жүргізбеймін?!», «Пәленшенікіндей зәулім үйді мен неге салмаймын?!», «Баламның тойына мен неге 500 кісі шақырмаймын?!», тағы сол сияқты толып жатқан «мендер»…

Біздіңше, банктерден несиеге алатын миллиондаған қаражатты ішіп-жейтін тойға емес, сол екі жастың болашақ баспанасының алғашқы жар­насына неге жұмсамасқа? Бұл жас шаңырақ иелері үшін, сөз жоқ, үлкен сый болады. Осылайша жас отаудың бір жыртығы жамалып, бір жоғы табылады. Ал, сіз, қалай ой­лайсыз, біз тек той тойлау үшін жаралған халықпыз ба?..

Лиза СЕЙТІМОВА

*Сіз не дейсіз?

 Үстіміздегі жылдың қаңтар-наурызындағы мәліметке сүйенсек, облыстағы екінші деңгейлі банк филиалдары арқылы тұрғындардың түрлі қажеттіліктеріне 107,6 млрд. теңге несие берілген. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 30,4%-ке, яғни 25,1 млрд. теңгеге көп.

Осылайша заңды тұлғаларға берілген несие – 44,3 млрд. теңгеге, ал жеке тұлғаларға берілген несие 63,3 млрд. теңгеге өскен. Несиені жұрт, өз қалауларына қарай, ұлттық валютамыз – теңгемен де, шетел валютасымен де алуда. Тұрғындардың тұтыну мақсаттарына алған несиелері өткен жылдағыдан биыл көбейіп кеткен. Сонымен қатар, ипотекалық несиелер де артқан.

Елдегі карантин кезеңі, жұмыс орындарының қысқаруы, соған сәйкес кірістің азаюы жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да белгілі бір дәрежеде әсер етуде. Сол себепті көпшіліктің өздерінің тұрмыстық жағдайына, экономикалық әлеуетіне тереңірек үңілуін естеріне саламыз. Қандай қарыз да өтелуімен құнды. Осыны есте ұстаған ләзім.

Айнагүл АҚҚҰЛОВА,

ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының экономикалық талдау және статистика бөлімінің басшысы

 Қарыз күліп кіреді…

Қазір несие алу қиын болмай қалды. Тіпті үйден шықпай-ақ қажетті қаражатты сұрай аласың. Банк әкімшілігі мақұлдаса, сұраған ақшаң есепшотыңа топ ете қалады. Бұлардан басқа, қалада қаншама «Жалақыға дейін» («До зарплаты») деп аталатын несие беру мекемелері жұмыс жасауда. Олардың да жарнамасы алыстан «менмұндалап», көздің жауын алып тұрады. Әсіресе, қаражаттан қиналған кезде жақсы-ақ.

Мен де былтыр осы мекемеден жүз мың теңге несие алып едім. Сөйтіп жүргенде, аяқ астынан, қызметтен қысқарып кеттім. Қарызымды төлей алмай, қатты қиналдым. Сізге – өтірік, маған – шын, жекеменшік мекемеден алған жүз мың теңге несием көзді ашып-жұмғанша төрт жүз мың теңгеге бір көтерілді. Ақыр аяғында олар мені сотқа берді. Не істерімді білмей дағдарып, амалсыздан мініп жүрген көлігімді сатып, соның ақшасымен қарызымды жаптым. Бұл оқиға маған үлкен сабақ болды. Аталарымыздың «Тек жүрсең, тоқ жүрерсің» деген сөзін әркез басшылыққа алмасақ, болмайды екен.

Дастан ҚАЙЫРЖАНҰЛЫ,

күзетші

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button