Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Өлеңге айтып жүрегіндегі жан сырын»…

Atr.kz/3 қазан, 2019 жыл. Жаңаталап  ауылдық кітапханасы  ұйымдастыруымен  жыр  шумақтарына асыл сөзден өлең  төгіп тереңге шымырлатып сүңгуді ойлаған, жүрегінің түбінен қайнап  шыққан асыл жырларымен қалың  жұртшылықтың махаббатына бөленген Атыраулық  ақын Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,филология ғылымдарының  кандидаты, облыстық «Атырау» газетінің  тілшісі  Гүлзада Рахметқызы Ниетқалиевамен «Өлеңге айтып  жүрегіндегі  жан сырын» атты кездесу кеші  болып  өтті.

Оқырмандармен  жүздесудің өзіндік жауапкершілігі, жастар  бойындағы  рухани құндылықтарды дарыту мақсатымен үндес  болған  шара ерекше  болды. Шара  ұшқыр  қаламынан  туған  жауһазын  жырларымен халқынын ыстық  ықыласына  бөленіп, жүрген ақын шығармаларын  насихаттау,жастарды  кітап  оқуға ынталандырар сыршыл  өлеңдерінен  құралған көрініспен  ашылды.

Ел  аузындағы  аңыз абсаналар  ұлттық сананы  оятар  бабалар аманатын өлеңмен  жеткізген ақынның «Тұмар  ханшайымы» , «Қарой  қасіреті» поэмасын   ауыл  жастары нақышына  келтіре сомдап  көпшілік  назарына  ұсынды. Ақынның өлеңдерін поэзияға жаны  жақын жастар  «Бір алапат сезіммен  сағынғаным»,  А.Кенжақметова  «Өкінбеші ,өкінбе» Е.Уапов «Тастанды  балалардың тағдыры»  Р.Тілепбергенова ,А.Айдарова ,  «Қиғашқа» Ә.Серікова оқыды.

Шарада Ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Тілепбергенов, №2 ОКЖ  ММ-нің басшысы Ж.Елемесқызы, ауыл тұрғыны Н.Махмудов  құттықтау сөз сөйлеп  ақынға өз ризашылықтарын  білдірді. Шара  соңында  өзінің  туып  өскен жерінің жыршы  қарлығашы  атанған  ақын  Гүлзаданың  туған  жеріне арнап  жазылған  «Қиғаш»  поэмасынан оқырман С.Темірбай  қарлығаш  бейнесін сомдап  ақын  мен көрермендер  көңілінен  шықты.  «Әдебиет  әлеміндегі – әйел  жүрегі» атты кітап көрмесі   ұйымдастырылды.

З.Дариева

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button