Жарнама
Жаңалықтар"ATYRAÝ"-ға 100 жыл!

Олар “Атырауға” жазылып ұтысты болды

«Атырау» газетіне бір жылға жазылып, ұтыс ойынының иегері атанған оқырмандардың сыйлықтары табысталды, деп хабарлайды  atr.kz тілшісі.

 Қыз-келіншектерге арналған шаш стилисінің «Күрделі бояу» сертификатын алу үшін оқырманымыз Мәнсия Мұхамбетжанова бүгін редакцияға келді. Газеттің бас редакторы Назарбек Қосшиев ұтыс иесіне сыйлығын салтанатты жағдайда табыс етті.

Айта кету керек, Мәнсия Мұхамбетжанова – Атырау қаласы «Береке» ықшамауданының тұрғыны, зейнеткер ұстаз. Ұзақ жылдар бойы Махамбет ауданы, Таңдай орта мектебінде ұстаздық қызмет кеткен. Кейін Атырау қаласындағы оқушыларға арналған «Жас натуралистер» стансасында біраз жыл жұмыс істеп, зейнетке шыққан.

4c564eab 7d6f 48be 93f2 ab730a0c1aab 1

– «Атырауға» жыл сайын жазыламын, облыстың бас басылымының тұрақты оқырманымын. Аймақтың басты жаңалықтарын газеттен оқығанды тәуір көремін. Өйткені, бүгінде технология қанша дамып, лезде жаңалық тарататын ақпар көздері көп болса да, газет – ол халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Мұнда сарапталып, сүзгіден өткен ақпараттар ғана жарияланады. Сондықтан қай кезеңде болмасын газеттің орны бөлек. Жасыратыны жоқ, былтыр газетке жазылған жоқпын. Себебі, алдыңғы жылы «Қазпошта» курьерлері газетті үйіме уақытылы жеткізген жоқ. Биыл жазылым науқаны аяқталуға бір күн уақыт қалғанда ғана «Қазпоштаға» барып, газетке жазылып үлгердім. Бірақ ұтыс ойнына аса мән берген жоқпын. Барлығы 1324 оқырманның ішінен сәнді шаш үлгілеріне арналған сертификатты ұтқанымды бұрынғы әріптесім хабарлады. Бұл әрине мен үшін, үйдегі нәзікжандылар үшін жаңа жылға тосын сый болды. Өз оқырмандарына осындай көңіл-күй сыйлап жатқан редакция ұжымына ерекше алғыс білдіріп, шығармашылық табыс тлеймін, — деді М.Мұхамбетжанова.

566825f1 66a2 48b3 b133 380784988fd4

Сонымен қатар оқырман алдағы уақытта газет беттерінен жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретіндей құнды дүниелер көргісі келетінін, осы бағытта білім беру мекемелерімен арнайы жобалар ұйымдастырылса деген ұсынысын жеткізді.

Сондай-ақ, ұтыс ойыны барысында Жылыой ауданы Тұрғызба селосының тұрғыны Қасымғали Жасмағамбетов «үй караокесін» иеленген болатын. Оның сыйлығы қызы Гауһар Жасмағамбетоваға салтанатты жағдайда табыс етілді. Бұл ұтыс оқырмандар үшін расымен де тосын сый болған.

  • Менің әкем газеттің тұрақты оқырманы. Жыл сайын газетке жазылады. Редакцияның биыл қолға алған ұтыс ойынын тікелей эфирде қараған жоқпыз. Әкем ұтыс болғанын да, ұтыс иесі атанғанын да білмейді. Редакциядан қоңырау шалып, бізді құттықтағанда расымен де қуанып қалдық. Ғасырлық тарихы бар облыстың бас газетінің оқырмандары көп болсын дейміз, — дейді Гауһар Жасмағамбетова.

Айта кеткен жөн, өткен аптада ұтыс ойнында «ас үйге арналған мульти пісіргішті» ұтып алған Исатай ауданы, Аққыстау селосының тұрғыны Алмагүл Шангерееваға сыйлығы табыс етілген болатын. Ол – көп балалы ана, «Күміс алқаның» иегері.

Сондай-ақ, индерлік Базарбаева Салтанатқа бу үтігі тапсырылып, оқырмандар шексіз ризашылығын білдіріп жатыр.

Басқа да ұтыс иелері өз сыйлықтарын «Атырау-Ақпарат» медиахолдингі, «Атырау» облысық қоғамдық-саяси газетінің редакциясынан алу қажеттігін қаперге береміз. Ұтыс иелері өздерімен бірге газетке бір жылға жазылған түбіртегі мен жеке куәлігін міндетті түрде алып келуі керек.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button