ОЛАР АТА ЗАҢДЫ ЖАТҚА БІЛЕДІ
Бұл тың бастама биыл облыс әкімдігінің ұсынысымен алғаш рет қолға алынды. Оған Атырау мемлекеттік университеті тікелей қолдау білдіріп, демеушілік танытып отыр. Шара шымылдығын ашқан облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы мемлекетіміздің темірқазығы саналатын Ата Заңымызды ардақтайтын барлық белсенді қатысушыларға өз алғысын айтты.
Конкурсқа қатысуға Ата Заңымызды барынша жатқа білетін барлығы 64 жас ниет білдіріп, соның 26-сы қазылар алқасы алдында мықтылығын дәлелдеді. Олардың қатарында Махамбет, Қызылқоға, Исатай, Жылыой, Индер аудандарынан және облыс орталығынан келген мектеп оқушылары мен түлектері, оқуға түскелі жүрген талапкерлер және қарапайым тұрғындар да болды. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу қойылмады. Екі кезеңнен тұратын байқау соңында жеңімпаздар анықталды.
Амандық АБДОЛ.