822e88abc0eea6859c018cbdb50c9a4a21201bc96 727 485 c

ӨЖЖ коронавирус кезінде көмектеспейді – фейк

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Желіде өкпені жасанды желдету аппараттары, тіпті тұтастай қарқынды терапия бөлімшелері COVID-19 кезінде қажет емес деген ақпарат таратылуда. Хабарлама авторларының пайымдауынша, мұндай ем пациенттерге көмектескеннен гөрі зиянын тигізеді. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

11


Мұндай фейктің шығуына АҚШ докторы Хани Махфуз жариялаған мақала түрткі болды. Онда SARS-coV-2 вирусы өкпеге емес, қандағы гемоглобин жасушаларына әсер етеді, бұл күшті анемия мен ішкі ағзалардың бұзылуына әкеледі.

Сайтта мақаланы басқа мамандардың растамағаны және оны сенімді деп санауға болмайтыны және БАҚ-та оған сенімді дереккөз ретінде сілтеме жасамау қажеттігі туралы жазылған.
Питтсбург университетінің биоинженерия докторы Мэттью Эмдал Махфуз теориясын жоққа шығарды.
– Вирус эритроциттерге еніп, гемоглобинмен өзара әрекеттесетініне ешқандай сенімді дәлелдер жоқ. Бұл теория қазіргі заманғы ғылыми әдебиеттерде іс жүзінде расталмайтын бірқатар болжамдарға негізделген», – дейді ол.

ДДСҰ мәліметтері бойынша жалпы науқастар санының шамамен 5%-ы қарқынды терапияны қажет етеді, пациенттердің 20% жуығы тыныс алуда үлкен қиындықтарға тап болғандықтан қосымша оттегі қажет.

Сондықтан әлем бойынша дәрігерлер ӨЖЖ қолдануды жалғастыруда. Құрылғыны аса қажет болмаса оны қолданбау керек екендігіне қарамастан кейде бұл өмірді сақтап қалудың жалғыз жолы болады.

– Ауыр науқастарды ӨЖЖ басқа, инвазивті емес емдеу әдістері әсер етпеген жағдайларда ғана қосу керек. Дәрігерлер бірқатар мәселелерді шешуге мәжбүр, олардың ең бастысы – адам мен машинаның тыныс алуын синхрондау. Науқасқа арнайы препараттар – миорелаксанттар егіледі. Бұл адамның үшін аппарат тыныс алатындай оның тыныс алу жиілігі мен қарқындылығын төмендетуге мүмкіндік береді, – деп түсіндірді Мақажанов атындағы Қарағанды облыстық көпбейінді аурухананың анестезиолог-реаниматологы Сергей Ким.

Оның ресейлік әріптесі Сергей Бабак ӨЖЖ өкпе жеткіліксіздігімен және COVID-19 кезінде өршуі мүмкін өкпенің белгілі бір өзгерістерімен күресудің ең тиімді әдісі деп санайды.

Егер пациент өздігінен тыныс ала алатын болса, бірақ белгілі бір қиындықтар туындаса, дәрігерлер өкпенің желдетудің инвазивті емес әдістерін, мысалы, оттегі маскаларын, мұрын канюлаларын немесе арнайы мундштуктарды қолдана алады. Италия, Ломбардияның есептеріне сәйкес, пандемия басталған кезде пациенттердің шамамен 50%-ы осындай аппараттарды қажет етті.

Осылайша, COVID-19 кезінде өкпені жасанды желдетудің тиімсіздігі миф болып табылады. Шын мәнінде, ӨЖЖ мен инвазивті емес желдетуге арналған құрылғылар аурудың ағымын едәуір жеңілдетеді және өмірді сақтап қалуға септігін тигізеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған