Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғам

ӨЗЕКТІ СҰХБАТ: «Енді банкке барудың қажеті жоқ!»

Қазақстанда зейнтақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтінімдер қабылдана бастады.

Алғашқы күннен-ақ қазақстандықтардың зейнетақы жинағын қандай мақсаттарға жұмсағысы келетіні белгілі болды. «Отбасы банк» басқарма төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшановтың айтуынша, қазір еліміздегі 65 000 мыңнан астам адам зейнетақы жинақтарын алу үшін арнайы шот аштырған. Осы уақытқа дейін 10 мыңнан аса қазақстандық жинағын пайдалануға шешім қабылдап, өтінім беріп отыр.

Ал, Атыраудағы ахуал қандай? Бұл туралы біз «Отбасы банк» Атырау филиалының директоры Нұрбол ҚҰРМАННАН сұрағанымызда, ол былай деді:

– «Отбасы банк» тұрғын үйді тіркеу, есепке алу, үлестіру жұмыстарын «бір терезе» қағидасы бойынша орындайтын болады. Баспана кезегіне қою міндеттемесін енді əкімдіктер емес, «Отбасы банк» жүзеге асырады. Соның нəтижесінде тұрғын үйге мұқтаж жандар мекемелерді аралап, табан тоздырмайды. Банк тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыру қызметін жүзеге асыра береді.

Сондай-ақ, «Отбасы банк» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларының операторы міндетін де сақтап қалады. 2021 жылдың 5 қаңтарында Қаржы нарығын реттеу жəне дамыту агенттігі ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына («Бəйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қызметтің жаңа түрі – біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін жеке тұлғалардың ағымдағы банк шоттарын ашуға жəне жүргізуге рұқсат берді. ҚР Президенті Қ.Тоқаев 2021 жылдың 2 қаңтар күні қазақстандықтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін мерзімінен бұрын пайдалануға мүмкіндік беретін заңға қол қойды.

Зейнетақы төлемдерін ҚР-ның з а ң н а м а с ы н д а белгіленген мақсаттарға ғана (тұрғын үй жағдайын жақсарту, емделуге ақы төлеу), оларды арнайы ағымдағы шоттан нысаналы мақсатына аудару жолымен пайдалануға болады. ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ («Бəйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) уəкілетті оператор ретінде 2021 жылдың 23 қаңтарынан бастап Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалануға өтініш тапсыратын арнайы онлайнплатформаны іске қосты.

Біржолғы зейнетақы төлемдеріне арналған арнайы шот дегеніміз – ел Үкіметі белгілейтін уəкілетті о п е р а т о р ы н д а т ұ р ғ ы н ү й жағдайын жақсарту жəне (немесе) емделу мақсаттарына бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан біржолғы зейнетақы төлемдерін аудару үшін ашылатын ағымдағы банк шоты. Сондай-ақ, біржолғы зейнетақы төлемдерін аударуға арналған арнайы шоттарды ашу жəне жүргізуге байланысты қызметтің жаңа түрін айқындау үшін рұқсаттар мен хабарламалар туралы жəне тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы заңдарға өзгерістер енгізілді.

– Онлайн-платформа арқылы банкіге қанша салымшыдан тапсырыс түсті, оның нешеуі атыраулық?

– «Отбасы Банк» тұрғын үй жағдайын жақсарту жəне емделу ақысын төлеу үшін з е й н е т а қ ы ж и н а қ т а р ы н пайдалануға арналған онлайнплатформаны іске қосқан 4 күннің ішінде порталға 39 мыңға жуық қазақстандық өтінім беріп үлгерді. Өңірлер бойынша ақпарат берілмегендіктен, біздің облыс бойынша ештеңе айта алмаймыз.

– Нұрбол Оразбайұлы, газет оқырмандарына басқа қандай жаңалық айта аласыз?

– Əлеуметтік жауапкершілікті, мəселенің маңыздылығын ескере отырып, «Отбасы Банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ уəкілетті оператор ретінде, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы жинақтары аударылатын арнайы ағымдағы шоттарды ашу жəне жүргізу, сондай-ақ зейнетақы жинақтарын арнайы ағымдағы шоттан арнайы мақсатқа аударуға қатысты агенттік қызметтер көрсеткені үшін комиссия алмайды. Б і р ж о л ғ ы з е й н е т а қ ы төлемдерін дербес, немесе жұбайы, жақын туыстарынан алынған зейнетақы төлемдерін пайдалана отырып, қолдануға болады. Егер БЖЗҚ салымшысы бұл төлемдерді өзі қолдануды жоспарламаса, онда ол оларды өзінің жақын туысына немесе жұбайына табыстай алады.

«Отбасы банкі» өтініш берушінің біржолғы зейнетақы төлемін алу туралы өтінішін қарағаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде БЖЗҚ-мен жасалған келісімде белгіленген тəртіппен тіркелген өтінімдер туралы ақпаратты электронды хабарлама түрінде жолдайды. БЖЗҚ «Отбасы банкінен» электронды хабарлама алған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде біржолғы зейнетақы төлемінің сомасын өтініш берушінің арнайы шотына аударады. Одан кейін өтініш беруші 45 жұмыс күні ішінде «Отбасы банкіне» біржолғы зейнетақы төлемдерінің мақсатты тағайындалуын растайтын құжаттарды тапсыруы тиіс. Белгіленген мерзімде біржолғы зейнетақы төлемдерінің мақсатты тағайындалуын растайтын қ ұ ж а т т а р ұ с ы н ы л м а ғ а н жағдайда, бұл қаражат БЖЗҚ-ға кері қайтарылады.

– Айтыңызшы, салымшылардан түсіп жатқан тапсырыс жер үйге көп пе, көп қабатты пәтерге ме?

– Жоғарыда айтқанымыздай, осы күнге дейін 39 мыңға жуық қазақстандық өтінім беріп үлгерді. Олардың 48% мақсаты ретінде ипотекалық несие бойынша қарызды өтеуді көрсеткен, 18% – тұрғын үйді ипотекасыз, яғни толық төлем жасап сатып алу мақсатын таңдаған, 17% – зейнетақы жинақтарын туыстарына бергісі келетінін көрсеткен жəне 7% – бұл қаражатты «Отбасы банкінен» ипотекалық тұрғын үй займын алу үшін пайдаланғысы келетінін жазған. Өтінім тапсырғандардың аз бөлігі ғана қаражатты жеке тұрғын үй құрылысына жұмсайтынын, бастапқы жарна ретінде ипотекалық несие алу үшін пайдаланатынын, қайта қаржыландыру жүргізетінін, сатып алу мүмкіндігімен жалға беру шарты бойынша қарыздарын өтейтіндіктерін мақсат еткен.

– Қазір үйінде интернеті жоқ адамдар бар. Олар тапсырыс беру үшін банк филиалына аяқтай бара ма, әлде тек онлайн қабылдана ма?

– 13 қаңт ардан баст ап қазақстандықтар «ЖССБ24» мобильді қосымшасы арқылы жəне «Отбасы банк» сайтындағы бейне-қоңырау қызметі арқылы арнайы ағымдағы шот ашуға мүмкіндік алды. Сəйкесінше, өтініш берушілерге банк филиалдарына барудың қажеті жоқ. Бүгінде тұрғындардың 7 8 м ы ң ы о с ы қ ы з м е т т і пайдаланып, қашықтан арнайы шот ашқанын көріп отырмыз. Ал, өтінімдерді қазір онлайнплатформа арқылы қабылдап жатырмыз. Салымшыда өтініш берместен бұрын қолданылу мерзімі аяқталмаған, қызмет алуға жарамды электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) болуы қажет. Зейнетақы жинақтарының қолжетімді көлемін БЖЗҚ немесе EGOV.KZ порталдарынан нақтылауға болады. Онлайнплатформада аталған порталдарға сілтемелер бар.

Қосымша айтарымыз:

Тұрғын үй жағдайын жақсартуға жəне (немесе) емделу ақысын төлеуге арналған біржолғы з е й н е т а қ ы т ө л е м д е р і н ережелерде белгіленген əртүрлі мақсаттарға шектеусіз рет пайдалануға болады. Алайда, тұрғын үйді сату-сатып алу (алдын-ала), құрылысқа үлестік қатысу, жекешелендіру, бөліп төлеу, айырбастау келісімшарттары бойынша сатып алу жағдайында, зейнетақы қаражаты жылжымайтын мүлікке соңғы есеп айырысу үшін ғана қолданылады. Жеке табыс салығын (ЖТС) т ө л е у д і к е й і н г е қ а л д ы р у мүмкіндігі қолданылмаған жеткіліктілік шегінен асатын з е й н е т а қ ы ш о т ы н д а ғ ы қаражаттан ЖТС шегерілгеннен кейінгі сома пайдалануға қолжетімді болады.

Əңгімелескен Лиза СЕЙТІМОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button