Жарнама
ЖаңалықтарCOVID-19: Соңғы поштадан...

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 79 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 79  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, — деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 27-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен скринингтік тексеріс кезінде  39 жұмысшыдан, Жылыой-2, Қызылқоға -1, Индер-2, Мақат -4, Құрманғазы ауданында 4 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 18-інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 19 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 295 адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  107
 науқас, ал аудандардағы  инфекциялық стационарларда 23, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 423 адам ем қабылдауда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button