Жарнама
Жаңалықтар

Өртпен күрес күшейе түседі

Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әренов өңірге сапары кезінде облыстық ТЖД гарнизонына 27 жаңа өрт сөндіру және авариялық-құтқару техникасының кілтін салтанатты түрде табыстады.

e408f6ca 97f6 4971 8ca3 f2b82ed7c437

Жаңа техникалар гарнизонның материалдық-техникалық әлеуетін айтарлықтай арттырары сөзсіз. Шыңғыс Сайранұлы атап өткеніндей, министрлік Мемлекет басшысының қолдауымен материалдық-техникалық базаны жаңартуды жалғастыруда.


-Міне бүгін Азаматтық қорғаныс жүйесінің 30 жылдық мерейтойына орай Атырау өңіріне жаңа, заманауи техника берілуде. Енді облыстың әр ауданында жаңартылған техника, барлық қажетті жабдықтар қамтылған, уақыт талабына сай бөлімшелер жұмыс істейтін болады.

bb62c20b 2da0 4cd6 95c1 714d9232e136


Бұл — еліміздің әр аумағында төтенше жағдай болғанда жедел әрекет жасап, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған маңызды қадам.
Бұдан бөлек мұндай техникалар басқа өңірлерге де жеткізіледі. Осы техникалардың арқасында бірнеше адамның өмірін құтқарып қалдық.
Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құтқарушыларға қолайлы жағдай жасау — біздің басты мақсатымыз. Осы бағытта облыс әкімдігімен бірлесіп атқарып жатқан жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз.
Жаңа техниканы тиімді пайдалану өте маңызды. Оған ұқыпты және жауапкершілікпен қарау — оның ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуінің кепілі. Әрбір маман бұл техниканы тек құрал ретінде емес, адам өмірін құтқарып қалатын нағыз көмекші ретінде түсінуі керек, — деп атап өтті министр.
Қазіргі заманға сай, қуатты және көпфункциялы машиналар ТЖ қызметкерлерінің кез келген жағдайға жедел әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Тапсырылған техниканың қатарында Л-410 жеңіл көпмақсатты ұшағы бар. Бұл әуе көлігі 19 жолаушыны немесе 2300 кг жүк тасымалдауға қабілетті.

5c70122f 5e7c 4a24 973a e36c3b1f1486

Екі турбовинтті қозғалтқышпен жабдықталған ұшақ 2750 км қашықтыққа дейін ұша алады, бұл – шалғай өңірлерге көмек жеткізу үшін таптырмас шешім.
Сонымен қатар, гарнизон автопаркі үш бірдей АЦ-8,0-70 автоцистерна , тоғыз АЦ-6,0-70,
АЦ-10, АЦ-5-40, АЦЛ-30, АСА-20, автотопливозаправщик, автомобиль байланыс және жарықтандыру, манипулятор-эвакуатор,
АКП-70 VEMA биіктігі 70 метрге дейін жететін автокөтергіш, снегоболотоход Трэкол Вега-409 жаңа өрт сөндіру техникаларымен толықты.
Барлығы қаржыландырудың әртүрлі көздері арқылы (республикалық және жергілікті бюджеттер, қаржылық лизинг) жүзеге асырылған.

b55bffb1 5670 46ad ba4b d2972d6821f5

Облыс әкімі Серік Шәпкенов те бұл шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
– Қауіпсіздік – біздің басты басымдығымыз. Бүгін табысталып отырған заманауи техника – төтенше жағдайлармен күрестегі тиімділікті арттыруға, азаматтарымыздың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған нақты іс-шара. Бұл – мемлекеттің халқына деген қамқорлығының жарқын көрінісі. Жаңа техниканың көмегімен біздің қызметкерлер жылдам әрі тиімді әрекет ете алады, – деді өңір басшысы.

926cb001 3b4c 4f4f a242 829e454852d9

Жаңа техника облыстағы төтенше жағдайлар қызметінің мүмкіндіктерін арттырып қана қоймай, халықтың қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button