Жарнама
Жаңалықтар

Өңірдегі сауда орындарында картоптың мөлшеріне қатысты шектеу жоқ

Өткен демалыс күндері алып-сатарлықтың алдын алу мақсатында қаладағы үш базарда тұрақтандыру қоры арқылы сатылып жатқан картоптың келісіне шектеу енгізілген еді.Бүгінде өңірдегі сауда орындары мен базарларға аталған өнім жеткілікті деңгейде жеткізілуде, қор уақытылы толықтырылуда. Бұл туралы облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары Еркебұлан Тағашов айтты, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты сақтау мақсатында тұрғындар картоп бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерге қатысты шағымдарын тиісті органдарға жолдай алады. Бағаның негізсіз өсуіне қатысты арыз-шағымдар облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті тарапынан қабылданады. Ол үшін тұрғынның қолында міндетті түрде бағаның өскендігін дәлелдейтін түбіртек болуы керек. Шағымдарды Атырау қаласы, Құрманғазы көшесі 12Б, 3 қатар, 9-10 кабинет бойынша және E-otinish сайты арқылы жолдауға болады.

ҚР-да Ішкі сауда субъектісінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына ҚР-дың сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сауда үстемесінің мөлшерін арттыруы ҚР ӘҚБтК-ның 204-4-бабына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылыққа әкеледі. Департамент басшысының орынбасары Еркебұлан Тағашовтың мәліметінше, бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қолға алынуда.

Өткен демалыс күндері алып-сатарлықтың алдын алу мақсатында қаладағы үш базарда тұрақтандыру қоры арқылы сатылып жатқан картоптың келісіне шектеу енгізілген еді.Бүгінде өңірдегі сауда орындары мен базарларға аталған өнім жеткілікті деңгейде жеткізілуде, қор уақытылы толықтырылуда.

–Заңға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлеріне босату құнынан немесе сатып алу бағасынан 15%-дан артық қосуға болмайды. Жалпы алғанда облыс дүкендерінде картоп келісінің бағасы 180 теңгеден басталып, 330 теңгеге дейін жетеді. Ал тұрақтандыру әлеуметтік желісі өнімнің келісін 180 теңгеден жөнелтеді. Монополияға қарсы заңнаманы бұзу немесе бағаны жасанды түрде көтеру жағдайлары анықталған кезде кінәлі кәсіпкерлерге заң аясында қатаң шаралар қолданылады. Аталған шара азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың әлеуметтік әл-ауқатын қорғау мақсатында қолға алынып отыр. Тұрғындарды өз құқықтарын қорғауға және әділетсіз баға саясатына бейжай қарамауға шақырамыз, — деді Е.Тағашов.

Мемлекеттік органдар нарықтағы жағдайды жіті қадағалап, заңсыз әрекеттердің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде. Кәсіпкерлерден де баға саясатын әлеуметтік жауапкершілік негізінде қалыптастыру талап етіледі.

Айта кету керек, ҚР Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 11 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығына сәйкес әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік тауары бекітілді. Оған картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат және т.б өнімдер кіреді. Егерде сауда орындарындағы дүкендерде бағаның өскенін байқасаңыз, Атырау облысы Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне хабарласуға болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button