Жарнама
Жаңалықтар

Өңірде республикалық «Киік-2023» табиғатты қорғау акциясы өтеді

15 сәуірден бастап ел аумағында «Киік-2023» акциясы өтеді. Аталған шара аясында киіктерді заңсыз аулау фактілерін анықтау және алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы Атырау облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мереке Шалқаров баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Республикалық табиғатты қорғау акциясы жылына екі рет жүргізіледі. Яғни киіктердің шағылысу кезеңінде, бұл 1-31 желтоқсан және олардың төлдеу кезеңі — 15 сәуір мен 15 мамыр аралығында.

— Облыста 15 сәуірде дәстүрлі акция басталады. ҚР Экология министрлігі және Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік коммитетінің төрағаларымен біріккен бұйрық пен жоспар жасақталды. Аталған бұйрық негізінде сәуір мен мамыр аралығында аталған акцияны бастағалы отырмыз. Бұл акция тәуелсіздік алған жылдардан бастап өтіп келеді. Ал статистикаға жүгінсек жыл сайын киік малының өсуі байқалады. Сондай-ақ оларды заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, өткізу, тасымалдау сынды заңсыздықтар да тіркеледі. Міне, біз осы акция аясында заңсыздықтардың алдын-алып, киелі жануардың азаюына жол бермеуге жұмыстанамыз,- деді М.Шалқаров.

Айта кетейік, өткен жылы республика көлемінде өткен «Киік-2022» акциясы аясындағы санақ кезінде 1 млн 300 мыңнан астам киік жануары тіркелген. Оның басым көпшілігі, яғни 800 мыңнан астамы Орал, 28 мың бас Үстірт, қалғаны Бетпақдала популяциясы.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button