Жарнама
Жаңалықтар

Өңірде ата-аналарды қолдауға арналған 200-ге жуық орталық жұмыс істейді

Президент тапсырмасын іске асыру мақсатында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы енгізіліп, білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық тұрғыда қолдауға арналған 198 орталық құрылды, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Орталықтарда 2024-2025 оқу жылының қыркүйек-желтоқсан аралығында 832 сабақ өткізіліп, 46 мыңнан астам ата-ана қатысты. Олардың қызметін жүйелі ұйымдастыру үшін 6000-нан астам сынып жетекшісі апта сайын онлайн оқыту вебинарларына қатысып, білімдерін жетілдірді.

-Жалпы үкімет жекеменшік мектептерде білім алатын оқушыларды назардан тыс қалдырған емес. Облыста 1200-ге жуық білім алушыны қамтитын 20 жекеменшік мектеп бар. Мемлекет ұйымдар желісін көбейту және балаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында республикалық бюджеттен қаражат бөліп, балаларды жекеменшік мектепте оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс берілетін болады. Бұл жұмыстар осы кезге дейін ҚР Оқу-ағарту Министрлігі тарапынан ұйымдастырылып келген болса, биылдан бастап Атырау облыстық білім беру басқармасы арқылы жүзеге аспақ. Сондай-ақ жекеменшік мектептерде білім алатын осал топтағы отбасының балалары мектеп құрал-жабдықтарын оқу ордасындағы шәкірттермен бірдей алатын болады,- деді облыстық білім беру басқармасының басшысы Марат Әбуов.

Айта кетейік, Атырау облысында зорлық-зомбылықтың алдын алу, вандализм, лудомания, буллингке қарсы күрес жұмыстары ұйымдастырылған. Оған аналар арасында өткен «Мәдениетті ұлт – мәдениетті ана», «Ұлттық құндылық — тәрбиенің түп қазығы» форумы және студенттердің қатысуымен болған «Адал табыс – Адал азамат» атты республикалық жиын дәлел.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button