Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті

whatsapp image 2021 09 29 at 17.33.43 Жаңалықтар

«Атырау облыстық мәслихатының кезекті VІІ сессиясы өтті»,-деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.
Сессияның күн тәртібіне шығарылған мәселелердің бірі – мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін кедергісіз орта құру шаралары туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов баяндады.
«2021-2025 жылдарға облыс бойынша әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін паспорттау және бейімдеу жөніндегі өңірлік жол картасы бекітілді. Оның шеңберінде 1300 объектіні паспорттау және бейімдеу жоспарлануда.
Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарын іске асыру үшін «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде биылға жоспарланған 258 нысанның 165 нысанына немесе 64 пайызға бейімдеу жұмыстары жасалды»,-деді ол.

Сондай-ақ, мониторингтік топ мүшелері тарапынан қоғамдық орындарда тактильді навигациялық жолақтар мен Брайль шрифтіндегі кеңсе белгілерінің болуы, мүгедектерге арналған әжетхананың орналасуы, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға басқа да қажетті жағдайлар жасау керектігі жөнінде нұсқаулықтар берілген.
Жиында білім беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат та тыңдалды.«Қазіргі уақытта облыстың білім беру ұйымдары үшін цифрлы білім ресурстары толық қолжетімді. Мектептер қашықтан білім берудің түрлі нысандарында видео-стриминг ұйымдастыруға мүмкіндік беретін интернет платформалармен жұмыс жасайды. Солардың қатарында Kundelik.kz, BilimLand және DarynOnline платформалары бар. Бұл өз

кезегінде қашықтан оқытуды іске асырумен қатар білім беруді цифрландыру бағытындағы тапсырмаларды орындау боп табылады»,-деді облыстық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айнагүл Дүйсекенова.
Сессияда бұдан да басқа мәселелер қаралып, сондай-ақ, өңірдің елеулі азаматтары Қадыр Жүсіп, Қосыбек Ырзағалиев, Жұма Құсайыновқа «Атырау облысының Құрметті азаматы» атағы берілді.

whatsapp image 2021 09 29 at 17.33.44
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз