ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін облыстық әкімдікте VII шақырылған Атырау облыстық мәслихатының кезектен тыс V сессиясы өтті.
Сессияда Атырау облыстық мәслихатының аппараты басшысының міндетін атқарушы Аслан Қуанышкереев, Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Болат Исақов, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айгүл Әжіғалиева баяндама жасап, Атырау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы №289 — VI «Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы», 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №280 — VI «Атырау облысының ведомствоаралық сипаттағы мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдарының құрамдарын бекіту туралы», 2020 жылғы 26 маусымдағы №454 — VI «2020-2022 жылдарға іске асырылуы жоспарланып отырған концессиялық және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлады.
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс V сессиясының жұмысына қатысқан облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов сөз алып:
– Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіздердің қосып отырған үлестеріңіз ұшан-теңіз. Әркез ауызбірлікте болып, қоян-қолтық жұмыс жасасақ, алынбайтын асу болмайды деп ойлаймын. Алдағы қызметтеріңізге тек сәттілік тілеймін, — деді.
Лиза СЕЙТІМОВА