ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАДАН ГЕМОДИАЛИЗ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

img 20220322 wa0110 Жаңалықтар

Мереке аясында облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен Атырау облыстық №1 ауруханасынан жаңа гемодиализ орталығы ашылды. Аймақ басшысы «Эфференттік терапия және гемокоррекция» орталығының жұмыс барысымен танысып шықты.

Аталмыш орталық облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен «ББ Нура» компаниясы мен  облыстық аурухана арасындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы аясында ашылып отыр. Қуаттылығы айына 80 емделушіні қабылдауға арналған орталықта бірқатар ем-дом жүргізіледі. Бүйрек жетіспеушілігімен ауыратын науқастар станционарлық жағдайда емделеді. Созылмалы бүйрек ауруының көрсеткішін төмендету мақсатында профилактикалық шаралар ұйымдастырылады.

Қазір мұндағы урология және гемодиализ кафедрасында арнайы 11 гемодиализ аппараты мен детоксикацияның басқа түрлеріне арналған үш аппарат бар. Мамандардың айтуынша, бір ғана гемодиализ процедурасының құны шамамен 40 000 теңге тұрады. Міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық қызмет тегін көрсетіледі. Қазір еліміз бойынша мұндай орталықтардың саны 23-ке жетіп отыр.

Диас ТАРАСҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз