Жарнама
Жаңалықтар

Облыстың қаржы нарығының жағдайы

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс аумағында екінші деңгейдегі банктің 14 филиалы, 51 бөлімшесі, 62 айырбастау пункті жұмыс істеді.

Облыстың несие нарығы. 2023 жылғы қаңтар-маусымда облыстың екінші деңгейдегі банк (бұдан әрі – ЕДБ) филиалдарымен 361,7 млрд. теңге сомасына несие берілді, бұл 2022 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 34,7%-ға көп.

2023 жылғы 1-жартыжылдықта азаматтарға тұтыну мақсаттарына 191,3 млрд. теңге берілді, бұл 2022 жылғы қаңтар-маусымдағы көрсеткіштен 42,5%-ға жоғары. Осы ретте жеке тұлғаларды несиелендірудің жалпы көлемінде тұтыну несиелерінің үлес салмағы 72,1%-ды құрайды.

2023 жылғы 6 айда халыққа берілген ипотекалық несиелер 18,4 млрд. теңгені құрады, 2022 жылғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда 36,1%-ға азайған.

2023 жылғы 1 шілдеде облыстағы банк филиалдарымен берілген несиелер бойынша берешектер 656,6 млрд. теңгені құрады, 2022 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда 21,1%-ға жоғары.

2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ипотекалық несиелер бойынша халықтың берешектері 129,8 млрд. теңгені құрады, 2022 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда 15,8% -ға өскен.

Несиелер бойынша мерзімі өткен берешектер көлемі 2023 жылғы                             1 шілдеге 2022 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда 30,2%-ға азайды және     21,1 млрд. теңгені құрады. Осы ретте мерзімі өткен берешектердің жалпы көлеміндегі заңды тұлғалардың үлесі 34,0% құрады, жеке тұлғалардікі – 66,0%.

Облыстың депозит нарығы. 2023 жылғы 1 шілдеге ЕДБ филиалдарындағы салымдар 2022 жылғы 1 шілдемен салыстырғанда 6,9%-ға көбейді және 575,6 млрд. теңгеге жетті. Бұл ретте жеке тұлғалардың депозиттері 22,0%-ға өсті, ал заңды тұлғалардікі 14,6%-ға төмендеді.

2023 жылғы 1 шілдеге ұлттық валютадағы салымдардың үлесі 74,7% немесе 429,9 млрд. теңгені құрады, шетел валютасымен – 25,3% немесе 145,7 млрд. теңге. Бұл ретте ұлттық валютадағы салым 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 42,2%-ға өскен, ал шетел валютасындағы 38,3%-ға кеміген.

Облыстың валюта нарығы. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын облыстың 88 айырбастау пункті жүзеге асырды, олардың 62 – уәкілетті банктердікі, 16 – «Қазпошта» АҚ филиалынікі және 10 – уәкілетті ұйымдардікі.

2023 жылғы қаңтар-маусымда облыстың айырбастау пункттерімен халықтан 52,0 млн. АҚШ доллары сатып алынды, бұл 2022 жылдың көрсеткішінен 23,9%-ға төмен. Сонымен қатар 2,4 млн. еуро (43,0%-ға азайды), 1 064,7 млн. ресей рублі (28,8 %-ға көбейді) сатып алынды.

Облыстың айырбастау пункттерімен 2023 жылғы қаңтар-маусымда халыққа 156,8 млн. АҚШ доллары сатылды, 2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 17,4%-ға кеміген. Бұдан басқа халыққа 8,0 млн. еуро (30,4% азайды), 1 360,7 млн. ресей рублі (51,7%-ға азайды) сатылды.

Төлем карточкаларын пайдалану. 2023 жылғы 1 шілдеге айналымдағы төлем карточкаларының саны облыс бойынша 2 616 мың бірлікті құрады. Облыста 595 банкомат, 35 640 POS-терминал жұмыс жасайды.

2023 жылғы қаңтар-маусымда төлем карточкаларын пайдалану арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер бойынша 1 959,4 млрд. теңге сомасына (2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 16,1%-ға өсті) 159,2 млн. транзакция (өсім 24,7%) жасалды.

2023 жылғы қаңтар-маусымда карточкалық шоттан қолма-қол ақша алу бойынша 379,8 млрд. теңге сомасына (2022 жылғы қаңтар-маусыммен салыстырғанда 8,5%-ға азайды) 4,2 млн. транзакция (15,4%-ға азайды) жасалды.

ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button