Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері желіде тараған ақпараттарды жоққа шығарды

Atr.kz / 18 шілде, 2020 жыл. Облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабыловтың сөзінше, вахталық қалашықтарда инфекциялық жағдайдың ушығып тұрғаны — жалған мәлімет.

«Ауысыммен жұмыс жасап жатқан мұнайшылардың жағдайы — бірқалыпты тұрақты. Сондықтан фейк-ақпараттарға сенбеуге шақырамын. Ондағы ауру жұқтыру көрсеткіші 40 пайыздан аспайды» деді спикер.

Сондай-ақ, спикерлер КВИ-дің балалар арасында өршіп тұрғаны да нақты ақпарат емес екенін қаперге берді. Атырауда ресми мәлімет бойынша бүгінде 12 баланың шетінегені белгілі болып отыр. Анық-қанығын республикалық арнайы комиссия мұқият зерделеп, жариялайтын болады.

«Atr-Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button