Облыста 20 мектептің құрылысы жүруде
Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен Атырауда – 11, Жылыойда – 3 , Индерде – 3, Құрманғазыда – 2 және Исатайда 1 білім ордасы салынуда, — деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Биыл облыс әкімдігінің қолдауымен Ақжар ауылында және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Сарыөзек, Береке ауылында мектеп құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Жыл соңына дейін Құлсары қаласындағы «Береке» шағынауданында, облыс орталығындағы «Водниково» шағынауданында салынып жатқан білім ордасын ашу жоспарланып отыр.
Исатай ауданы Аққыстау ауылында салынып жатқан 250 орындық өнер мектебінің құрылысы осы жылдың соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Сондай-ақ 9 білім ордасының жобалық-сметалық құжаты жасалып жатыр.
Айта кетейік, өткен жылы 6 орта мектеп және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар аясында «Сарыарқа» және «Нұрсая» шағынауданында 2 BINOM мектеп-лицейі жұмысын бастады.