Жарнама
Жаңалықтар

Облыс құтқарушыларына жаңа ұшақ берілді

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Шыңғыс Әрінов Атырау облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында өңірдегі төтенше жағдайлар қызметтерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды іс-шаралар өтті.

4e82bc5b 507f 43b6 8983 28b6235e87a4


Х.Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайында министр «Казавиақұтқару» акционерлік қоғамының батыс аймақтық басқармасының авиациялық паркі теңгеріміне L-410 ұшағын салтанатты түрде табыстады. Бұл ұшақ ТЖМ құрамындағы авиациялық қызметтің жеделдігін арттырып, төтенше жағдайларда жедел әрекет ету мүмкіндігін кеңейтеді.

373c602a 88d5 4561 9099 5b5b9695ce4f


Чехия Республикасында шығарылған L‑410NG ұшағы – еуропалық Aircraft Industries компаниясының жаңартылған көп мақсатты турбовинттік әуе кемесі. Бұл модель қиын климаттық, географиялық және инфрақұрылымдық жағдайларда жұмыс істеуге лайықталған. Ұшақтың басты ерекшелігі – 500 метрге дейінгі қысқа ұшу-қону жолағына қона алатындығы. Бұл – еліміздің шалғай аймақтарында төтенше жағдайларға жедел ден қою үшін таптырмас артықшылық.

3646a939 7353 4840 9c0a 1126753294de


Техникалық сипаттамалары бойынша техникалық мүмкіндіктері жоғары жаңа L‑410NG ұшағы төтенше жағдайлар кезінде жедел көмек көрсетуге арналған. Бұл әуе көлігі 2570 шақырымға дейін үздіксіз ұша алады. Максималды ұшу биіктігі – 6100 метр. Ал жүк көтерімділігі — 1800 килограмм немесе 19 жолаушыға дейін. Министрдің баяндауынша, бұл – түрлі мақсаттағы тасымалдау мен эвакуациялық жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ұшақтың заманауи кабинасы Garmin 3000 авионика жүйесімен жабдықталған. Бұл – навигациялық дәлдікті арттырып, ұшуды барынша қауіпсіз етеді. Сонымен қатар, ұшақ кез келген климаттық жағдайда – минус 50 градустан плюс 50 градусқа дейінгі температурада сенімді жұмыс істей алады.
Ұшақтың икемді құрылымы жолаушылар тасымалы, медициналық эвакуация, гуманитарлық жүк жеткізу, әуеден барлау және десанттық операциялар секілді әртүрлі тапсырмаларға бейімдеуге мүмкіндік береді.

29715374 4955 4d9e ad37 dee04b6af927


Салтанатты іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов те қатысып, министрмен бірге жаңа техникалардың тапсырылуына куә болды. Аймақ басшысы төтенше жағдайлар қызметінің маңыздылығына тоқталып, бұл қолдаудың өңір қауіпсіздігі үшін зор мәні бар екенін атап өтті.

a8fb5bbc c582 44d9 a200 012bc36f7b50 1


Салтанатты шарада Шыңғыс Әрінов Атырау облысының төтенше жағдайлар қызметін жаңа деңгейге көтеретін нақты қадам жасалып отырғанын жеткізді.


-Осыдан 1,5 ай бұрын Чехияда жасалған мұндай ұшақты Астанада қабылдаған болатынбыз. Бұл министрліктің авиациялық инфар құрылымын дамытуда маңызды адам. Мемлекет басшысының қолдауының арқасында төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау жүйесін жан жақты дамыту жолында нақты әрі жүйелі жұмыс жасауда. Алдағы уақытта шығыс және оңтүстік өңірлер тағы екі ұшақпен толығады.
Бұл еліміздің төрт аймағында да кез келген төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет етіп, толыққанды авиациялық мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды іс. Сонымен қатар, менің тапсырмам бойынша еліміздің осы төрт аймағында авариялық құқару жұмыстарын жүргізу үшін әуе жасақтары құрылады. Бұл әуе жасағы төтенше жағдайлар кезінде жедел көмек беріп, зардап шеккендер мен науқастарды медициналық орталықтарға шұғыл жеткізеді.
Ең бастысы мұнда жергілікті кадрлар жұмыс жасайтын болады. Олар арнайы даярлық курстарынан өтеді. Тағы бір маңызды қадам облыс әкімнің қолдауымен жақын арада ұшаққа арналған аңгар салынады.
Жаңа техникалар мен инфрақұрылым — бұл тек жабдық емес, бұл — азаматтарымыздың өмірі мен қауіпсіздігіне салынған сенімді негіз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, біз өңірлерде төтенше жағдайларға ден қою сапасын арттыруды жалғастырамыз, — деді министр.

6fb7b2b3 c39f 43a6 b5ca aff4eb2c9d02


Сонымен қатар министр төрт ауданда жаңадан салынған өрт сөндіру деполарының ашылу рәсіміне қатысып, олардың материалдық жағдайымен танысты.
Министрдің бұл сапары өңірдегі төтенше жағдайлар қызметінің әлеуетін арттыруға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.

1410a899 d52b 452e 928b 1a600743ccab
2c9a6bab eb33 467d b069 bb393cec291c
8e79955b 2ef8 43ca 9e25 3133a583ee88

Рита ӨТЕУҒАЛИ
Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button