Жарнама
Жаңалықтар

Облыс бойынша жылу беру маусымына дайындық 72% құрайды

Бүгінде өңірде жылу беру маусымына дайындық бойынша облыстық ведомоствоаралық комиссия құрылып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қазір нысандардың жылу беру маусымына дайындығы 72% құраса, 1 қазанға дейін көрсеткіш 100%-ға жетеді. Бұл туралы Атырау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Серікқали Қанапин баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Биыл облыс бойынша жылу беру маусымына 421 білім беру нысандары, 147 денсаулық сақтау нысандары және 1789 көп қабатты тұрғын үй дайындалуда.

Жылыту маусымына 36 шақырым жылу желілерін жөндеп жатырмыз. 2022-2023 жылдары жылу құбырларында болған апаттарды қалпына келтіру мақсатында, Береке ықшам ауданы және Нұрсая ықшам ауданында орналасқан магистралды жылу құбыры да жөнделді. Сондай-ақ, «Атырау ЖылуЭлектрОрталығы» АҚ тарапынан жылу беру маусымына дайындығы барысында 3 жылу агрегатты және 2 турбоагрегаттын қалыпқа келтіру жұмыстары жүруде. Жалпы қала бойынша 177 автономдық жылыту қазандығы бар. Нұрсая ықшам ауданында «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-нің 12 жылу беру бекеттеріне қажетті резервке 6 дана жылу қазандығын, 12 дана генератор, 4 дана теплообменник, 27 дана насос құрылғылары сатып алынуда, — деді С.Қанапин.

Сонымен қатар, «АтырауЖарық» АҚ биыл 819 шақырым электр желілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын жеткізді. Ал алдағы уақытта қала және аудандарда тозған бағаналарды ауыстыру жұмыстары басталады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button