
Жаңалықтар
Облыс әкімі «тілсіз жаумен» күрескендерге және өңір тұрғындарына алғыс айтты
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов «Ақжайық» резерваты аумағындағы өртті ауыздықтауға атсалысып жатқан жандарға ризашылығын білдірді, — деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

–Құрметті жерлестер, осындай қиын сәтте уақытпен санаспай, табиғи апатпен жанкештілікпен күресіп жатқан баршаңызға алғыс айтамын. Бұл — кәсібилікті, ерік-жігер мен төзімді қажет ететін нағыз командалық жұмыс», — деді Серік Жамбылұлы.

–Сын-сағатта шыдамдылық танытып, мән-жәйға түсіністікпен қараған өңір тұрғындарына да айрықша ризашылығымды білдіремін, — деді өңір басшысы.

