Жарнама
Жаңалықтар

Облыс әкімі атыраулықтарды жаңа 2024 жылмен құттықтады

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкенов өңір жұртшылығын жаңа 2024 жылмен құттықтады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.

“Құрметті жерлестер!

Жаңа – 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – тамаша отбасылық мереке ғана емес, сонымен бірге өткенді қорытындылауға және алдымызға жаңа мақсат қоюға мүмкіндік беретін айрықша сәт.

Тарих қойнауына кетіп бара жатқан жыл түрлі оқиғалар мен жетістіктерге толы болды. «Көңіл – қазы, көз – таразы» демекші, бірлік-берекемізді айрықша құндылық ретінде қастерлеп, бәрін бәріміз бірге еңсердік.

Қандай асуды бағындырсақ та, солардың әрқайсысында – Сіздердің айшықты қолтаңбаңыз сайрап жатыр.

Баршаңызды ең жарқын мерекемен құттықтай отырып, еліміздің ортақ табысы жолында сенім мен күш біріктергеніңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.

Біз әрдәйім болашақ жоспарымызды жанымызға ең жақын жандардың – балалардың, аға ұрпақтың, ошағымыздың амандығымен, Отанымыздың игілігімен байланыстырамыз.

Өйткені, олар – табанды түрде білім алуға, басқаларға шын жүректен көмектесуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге және өңіріміздің нығайып, табысты болуы үшін қолдан келгенді жасауға деген ұмтылысымыздың қайнар көзі.

Жаңа жыл әр шаңыраққа шат-шадыман қуаныш сыйлап, жан жадыратқан жақсы өзгерістерімен келсін.

Еліміз өркендеп, ырыс-ынтымағымыз таси берсін, Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болсын!, делінген құттықтауда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button