Жарнама
Жаңалықтар

Облыс әкімі «Atyrau Jastar Fest» фестиваліне қатысты

12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай Сұлтан Бейбарыс алаңында «Atyrau Jastar Fest» фестивалі өтті.

Шара аясында кітаптар мен қолоөнер бұйымдарының жәрмеңкесі өтті. Сонымен қатар, жастар «Ulttyq karaoke», «Dance battle», «Барс» баскетбол клубының «Dunk show» сынды сайыстарда, қой көтеру, ләңгі тебу, үлкен теннис, шахмат ойындарында бақ сынасты. «West cars» автоклубының көрмесі ұйымдастырылып, «We talk» пікірталасы өтті. Оған қоса балаларға арнайы алаң құрылды. Сондай-ақ, белгілі мобилограф Қыран Талапбек қала жастарына мобилографиядан шеберлік сағатын өткізді.

Фестивальға облыс әкімі Серік Шәпкенов қатысып, ұйымдастырылған әр шараны аралап, қатысушылармен пікір алмасты. Кейін Атырау жастарын мерекемен құттықтады.

— Бүгін жастардың көңіл-күйі ерекше көтеріңкі. Өйткені бүгінгі мереке қаламызда кең көлемде тойланып жатыр. Мұндай шара Атырауда көп ұйымдастырылуы қажет деп ойлаймын. Осы ретте жастарға келешегіңіз кемел болсын деп тілеймін. Еліміздің болашағы, біздің ертеңіміз сіздердің қолдарыңызда. Әрқашан биік белестен көрініңіздер! Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын!-деді С.Шәпкенов.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button