Жарнама
ЖаңалықтарЭкологияҚоғам

Қоқыстың ортасында қобырап отырмыз…

Индербор кентінің шешімі қордаланып, мазаны алатын мәселесінің бірі – тазалық жайы. Әсіресе, соңғы мезгілде қоқыстар уақытында алынбай, тұрғындардың орынды ренішін туғызуда.

2018_10_19_072712008700

«Қоғамдық кеңеске хабарласқан тұрғындар қоқыс жәшіктерінің мезгілінде алынбайтындығын, трактор жүргізушілері табыс табу мақсатында қызметінен тыс жұмыстармен айналысып жүретіндігін айтып шағымдануда, — деді «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық ұйымы төрағасының орынбасары Өтепберген Оразғалиев жергілікті қоғамдық кеңес отырысында. — Көптеген көшелерде қоқыстар контейнерлерге сыймай, сыртында шашылып жатыр. Қоқыс жәшіктері мал мен бұралқы иттер жиналатын орынға айналды. Одан жұқпалы аурулардың пайда болуы және таралу қаупі әбден мүмкін. Әрі қоқыс тасушы тракторлардың үсті ашық, қоқыстар жолда түсіп, полигонға барғанша шашылумен болады».

413587de2000b274dbfee757ada4e741_big

Спикердің айтуынша, кенттің «Болашақ», «Шығыс» шағын аудандарының тұрғындарымен келісім-шарт жасалмағандықтан «Индер-Тэк» ЖШС оларға қызмет көрсетпейді. Осының салдарынан аталмыш ауданның тұрғындары табиғи ойпаңдар мен шұңқырларды заңсыз қоқыс алаңдарына айналдыруда. Жағадағы жыралардың іші де қоқысқа толы. Аудан орталығының қоқыс төгетін алаңының да жағдайы санитарлық талапқа сәйкес келмейді.

Жағдайға түсінік берген «ИндерТэк» ЖШС басшысы Марат Байдешовтің де айтуынша, жағдайдың ушығуына қоқысты төгетін жердің нақты белгіленбеуі себеп болып отыр. «Полигон аталған жерге біздің мекеме ғана емес, көлігі бардың бәрі жайратып төге береді, ал айыппұлды мен арқалаймын. Қоқыс таситын техникаларымыз да тозды, жүк тиегіш техникамыздың да келісім-шарты аяқталып отыр. Яғни жұмысты толық атқаруға мүмкіншілігіміз болмауда», — дейді ол.

Саламат БАЗАРБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button