Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық

Қоқыс контейнерінен табылған сәбидің жағдайы қалай?

Ағымдағы жылдың 7 қарашасында Атыраудағы Нұрсая ықшамауданында №64 үйдің жанындағы қоқыс жәшігінен пакетке салынған жаңа туылған қыз баланың табылғаны жайлы мәлімет бұқаралық ақпарат құралдарында тез таралып кетті. Біз өз кезегімізде сәбидің қазіргі жағдайы туралы дәрігерлерден сұрап білген едік.

IMG_6005

Қазіргі уақытта сәби Атырау облыстық перинаталдық орталығында дәрігерлердің жіті бақылауында.

Орталық мамандары баланың жағдайы қалыпты екенін айтып отыр. Қыз бала қазақ ұлтынан болса керек. Нәресте шамамен, 6 қарашада дүниеге келген. Перинаталдық орталыққа 7 қарашада, түнгі 01.30 сағатта жеткізілген.

Баланың бойы: 51 см, салмағы 3,56 кг. Енді медициналық сараптама қорытындысы күтілуде.
Еске сала кетсек, оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мен дәрігерлер сәбидің кіндігін кесіп, облыстық ауруханаға жеткізген.

Баланы тауып алған тұрғынның айтуынша, ол түнгі он екі шамасында есік алдына шылым шегуге шыққан. Қоқыс жәшігінің қасына барса, бірдеңе тыпырлап, жылағанын байқаған. Алғашқыда мысық деп ойлаған. Пакетті ашып қараса, сәби жатыр екен. Өз көзіне сенбей есеңгіреп қалған тұрғын бірден 102-ге хабарласыпты. Сол бойда дәрігерлер мен полиция келген.

«Өзімнің бес ұлым бар. Енді осы қызды асырап алғымыз келеді. Бүгін күндіз сәбидің жағдайын біліп келдік. Дәрігерлер еш жеріне зақым келмегенін айтып отыр»,- дейді баланы тауып алған1966 жылы туылған Атырау қаласының тұрғыны.

Бұл дерек ҚР ҚК-ның 24-бабы және 100-бабы бойынша (жаңа туған сәбидің өлім құшуы фактісі) сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысы облыс прокуратурасының бақылауына алынды.

Нұргүл НАСЫР.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button