Жарнама
БілімЖаңалықтар

Оқушылардың шеберлігі мен ептілігі сынға түсті (ФОТО)

Атырау облыстық білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы Атырау өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жұмыс жоспарына сәйкес, Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясында «Шеберлер қалашығы» атты облыстық байқауын өткізді.

IMG_4244-30-11-17-10-00

Бұл шара жас ұрпақты шығармашылыққа тәрбиелеу арқылы сәндік-қолданбалы ұлттық өнерге насихаттау, мәдени дәстүрлерді және рухани құндылықтарды сақтауға баулу мақсатында ұйымдастырылған.

Сайысқа қала, ауданның қорытындысы бойынша 54 жеңімпаз үміткер қатысып, конкурстың шарттары бойынша қатысушылар өз өнерлерін ортаға салды. Олар – ою-өрнек, алаша тоқу, кесте тігу, ұршық иіру, қамшы өру, ағашты, сүйекті көркемдеп өңдеуден сынға түсті.

Қазылар алқасының құрамы қатысушылардың шығармашылық ізденімпаздықтары мен шеберліктерін, жұмыс жасау техникасын, көркем-эстетикалық талғамдарын, табиғи қабілеттерін біліммен ұштастырып, сапасын сараптады.

Конкурстың қорытындысында, бірінші орынмен Махамбет ауданы, Алмалы орта мектебі жүзден жүйрік атанды. Екінші орынды Қ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледж, үшінші орынды Құрманғазы ауданы Ақкөл орта мектебі жеңіп алды. Сондай-ақ, барлық қатысушылар «Алғыс хатқа» ие болды. Жеңімпаз оқушыларға заттай сыйлықтар табысталды.

Гүлдана Жамбозова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button