Жарнама
БілімЖаңалықтарҚоғам

Оқушы ағылшын мен латын әріптерін шатастырмауы керек

«Латын әліпбиі» дегенді біреулер «латын тілі» деп қате түсініп жүр. Әліпби ауысқанымен, одан қазақ тілі өзгермейді. Махамбет ауданы Бейбарыс селосындағы Чкалов орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлфара Бисенованың пікірінше, латын таңбаларын жазу ережелерін қазірден енгізе беру керек. Яғни, неғұрлым тез кіріссек, соғұрлым өзімізге жеңіл болады.

8e66e078b7c3165de91c6ab2f9d2d50f

– Қай қаріпті алып қарасақ та, емле ережесінде ұқсастықтар болады, – дейді ол. – Мәселен, «а» әрпі барлық буында жазылса, «о», «ө», «ұ», «ү» әріптері үш буынды сөздердің соңында жазылмайды. Ал, халықаралық терминдер мен орыс сөздерінің орфографиясына келер болсақ, екіұдай пікір бар. Айталық, «директор» сөзін «директр» дейміз бе, әлде «директыр» деп жазамыз ба? Осындай кішігірім мәселелерді бір жүйеге келтіру қажет. Сол сияқты, «ч» әрпін қолданбайтын болсақ, «чемпион» секілді сөздерді қалай таңбалаймыз?

Бәлкім, балабақшада, бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытуды қоя тұрған дұрыс болар? Себебі, латын әліпбиіндегі қазақ сөздерін сауатты жаза білмейтін баланың басы қатып кетуі мүмкін ғой! Оның үстіне, ағылшын мен латын әріптерін шатастырып, әбден мезі болады. Меніңше, бастауыш сыныпта бала ана тілінен басқасына алаңдамауы керек. Ол алдымен ана тілін толық меңгеріп алмайынша, ештеңе де шықпайды. Әйтпесе, «екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетедінің» кебін киеді. Одан ертең еліне жаны ашып, қазақша ой түйетін азамат шығуы екіталай.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button