Жарнама
ЖаңалықтарЭкономикаҚоғамҚұқық

Оңтүстік Кореялық компания атыраулық 100 жұмыскерге зиянды жұмыс үшін ақы төлемек

            Өткен аптаның аяғында еліміздің батыс өңіріндегі аумақтық кәсіподақтар төрағалары Атырауда бас қосып, өңірлік кеңес өткізді. Аймақтық жиынға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым, Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, бірқатар салалық кәсіптік одақтардың, облыстардағы кәсіподақ төрағалары мен әлеуметтік әріптестердің өкілдері қатысты.

50046936_620334865067850_7751908089397248000_n

            Жиылыс басында  аймақ басшысы өткен жылдың қортындысын талқылап, биылғы жылдың тапсырмаларын белгілеуді мақсат етуші кәсіподақ ұйымы өкілдеріне сәттілік тілеп, кеңес отырысы кезінде хаттамалардан туындайтын мәселелердің оң шешілуіне тілектестігін білдірді.

— Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында еңбек саласындағы басты әлеуметтік көрсеткіштің параметрін өзгерту – ең төменгі жалақыны өсіру туралы бұйрық берілді. Сонымен қатар, Президент жұмыс берушілерді осы өзгерістерді қолдауға шақырды және жұмысшылардың жалақысын көтеру шараларын қабылдау керек екенін атап өтті. Жалақы жүйесін реттейтін ұжымдық келісімдерге қол қою және сақтау, қызметкерлердің жаппай босатылуына жол бермеу, олардың еңбек шартын еңбек келісімшартын жасамай пайдалану – барлық жұмыс берушілер алдында тұрған міндеттері болып табылады, — деді Нұрлан Асқарұлы.

50940265_620334871734516_461216961456504832_n

Отанымыздағы кәсіподақ ұйымдарының бүгінгі жайын, федерацияның алдағы уақытқа негізделген ұстанымдарын сөз қылған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым, қазіргі таңда Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының құрамына 18 268 бастауыш ұйым, 22 салалық кәсіподақ, 16 аумақтық кәсіподақ бірлестігі кіретінін айтты. Яғни,  елімізде 2 миллионға жуық  адам – кәсіподақ мүшесі. Оның ішінде 500 мыңдай адам – батыс облыстарының кәсіподақ мүшелері екен.

Жиылыс барысында, сондай-ақ, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары аумақтық кәсіподақтар орталығықтарының төрағалары сөз алып, кәсіподақ қозғалысын жаңғыртуға байланысты 2018-2019 жылдарға арналған «Жол картасы» аясында жергілікті жерлерде атқарылған жұмыстардың нәтижесі, кәсіподақ қозғалысын жетілдіру мен жақсарту туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

49949062_620334861734517_4621648315329544192_n

Мәселен, Атырау облыстық кәсіподақтар орталығының мәліметі бойынша 2018 жылы «Алтиес Петролеум Интернешл» Оңтүстік Кореялық компаниясының 100 жұмыскері ұжымдық шағыммен облыстық кәсіподақ орталығына жүгініп, жұмыс берушімен келіссөздер жүргізу арқылы ұжымдық еңбек дауының алды алынып, жұмысшыларға зиянды жұмыс үшін ақы төленетін болған.  Сондай-ақ, өткен жылы    облыс бойынша өндірістік жарақаттану оқиғалары 10 пайызға, жарақат алған жұмыскерлердің саны 65 пайызға, қайтыс болғандардың саны 50 пайызға төмендеген.

Өңірлік кеңесте бұдан бөлек,  еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік кеңестер мен еңбекшілерді әлеуметтік-экономикалық жағынан қорғау, жастар мәселесі  мен татуласу орталықтарының жұмысы, кәсіподақ ұйымдарын құру және оның жұмысын жандандыру жайлы да жан-жақты сөз болды.

Мұратбек ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button