«Қоғамнан бөлінуге болмайды»
— Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің құрылуын Ақтөбе, Алматыда орын алған қанды оқиғалардан кейінгі реакция ретінде бағалауға бола ма?
— Үзілді-кесілді тон пішуден бұрын, шындыққа тура қарау керек. Қазір дін атын жамыл- ған ағымдар қоғамды іштен бөліп жатыр. Соның ішінде, «дін жолын таңдадық» деген жастардың мемлекетті мойындамай, қоғамнан жырақ кетуінің соңы ДАИШ сияқты жыни ұйым сарбаздарының қатарын толықтыруға әкелуде. Шаңырағы күйреген отбасылар туралы әңгіме – тіптен бөлек тақырып.
Назар аударарлығы, жаңа министрліктің атауына «азаматтық қоғам» деген тіркес қосылды. Демек, мақсат – діншілдік пен зайырлылық ұғымдарын біте қайнастыра отырып, азаматтық қоғам құру, халықты діни ағартуда жаңа механизмдерді іске қосу.
— Министр Нұрлан Ермекбаевтың «заңмен тыйым салмай ақ, салафизммен күресуге болады» деген мәлімдемесі қазір қоғамдық пікірді екіге жарып отыр. Сіздің көзқарасыңызды білсек.
— Сала мамандарын толықтыру, ханафи мәзһабындағы мешіт жамағаттарының санын арттыру, идеологиялық жұмысты кеңейту жолдары арқылы, салафизммен күрес бәрібір күшейеді. Бірақ, бұл ағымға заңмен тыйым салатын болсақ, терроризммен күрес жүргізіп отыр-ған мемлекеттік органдарға зор мүмкіндік берген болар едік. Сондықтан, мұны уақыт енші-сіндегі мәселе деп ойлаймын.
— Намазханалардың жабылуы өз алдына бөлек тақырып-қа айналды. Осы мәселені желеу еткендер қазір, түрлі алып-қашпа әңгімелер тарата бастады. Ресми өкіл ретіндегі жауабыңызды естісек.
— Рас, Астананың кейбір қоғамдық орындарындағы намазханалардың жабылуы жөнінде алып-қашпа әңгімелер қазір әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр. Бірақ, мәселені саясиландырудан бұрын, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арынның толыққанды түсінік-темелеріне назар аударғанымыз дұрыс. Мұның барлығы, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң аясында жүзеге асып жатыр.
Күрделі мәселеге түсініктеме берген вице-министр Берік Арын, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам тарапынан түскен ұсыныстардың қаралатынын жеткізді. Осыған орай, өңірдегі намазханаларды тіркеу барысында және намазхана ашуға тыйым салу шешімдері негізінде туындаған мәселелер бойынша министрлікке ұсыныстар жолдау біздің де ойымызда бар. Оның үстіне, министрлік басшылығы намазxан азаматтардың алаңдаушылығынан хабардар. Және олар аталған ережеге өзгерістер енгізілуі әбден мүмкін екендігін айтып өтті. Сондықтан, бұл мәселеге сабырмен қарағанымыз дұрыс.
— Дін істері комитеті шетелдегі діни оқу орындарында 300-ден астам қазақстандықтың оқып жүргенін мәлімдеді. Ресми ақпарат бойынша, қазақстандықтардың көпшілігі Мысыр елін, одан кейін Сауд Арабиясы мен Түркияны таңдайды екен. Діни білім іздеушілердің таңдауы түсетін елдердің қатарында Иордания, Пәкістан, Иран, Малайзия да бар. Өкініштісі, сол елдердің қатарында күмәнді оқу орындары да кездеседі. Жалпы, шет елге білім іздеп кеткен азаматтар қаншалықты бақылауда?
— Шетелдегі 300 қазақстандықтың қатарында, атыраулықтар да бар. Өткен жылы күмәнді оқу орындарының жетегінде кеткен 27 жерлесіміз, биыл 15 азамат оралды. Қазіргі таңда 35 атыраулық шетелде жүр. Оның 32 – Мысырда.
Назар аударарлығы, діни білім алып жүргендер саны ұдайы өзгеріп отырады. Біреулері оқуын тәмамдаса, кейбірі қаражат тапшылығына байланысты елге оралуы мүмкін. Жат мемлекеттің заңдары мен миграциялық талаптарын бұзуына байланысты, елге мәжбүрлі түрде қайтарылатын жағдайлар да болады.
Өкініштісі, бір жапырақ сертификатты ұстата салатын күдікті марказдарды, яғни араб тілін оқыту курстарын таңдайтын отандастарымыздың саны азаймай отыр. Кереғар идеология лидерлерінің ықпалына түсетін де негізінен өз бауырларымыз. Сондықтан, Атырау облысы Дін істері басқармасы күдікті орындарда оқып жүргендермен тікелей немесе олардың туыстарымен жанама байланыс орнату арқылы, ақпараттандыру жұмыстарын күшейтіп отыр.
Менің пікірімше, діни ілім іздеген жастар алдымен, еліміздегі «Нұр-Мүбәрак» университеті мен медреселерден, сауат ашып, иммунитет қалыптастырып алуы керек. Шетелге толыққанды білімі бар азаматтар ғана баруы тиіс. Сонда ғана біз, жат ағымдардың теріс идеологиясына төтеп бере аламыз.
— Араб сөздерін қазақы ұғымдармен алмастыру туралы министр Нұрлан Ермекбаевтың ұсынысы да әлеуметтік желілерде жиі талқыланып жатады. Осы мәселеге алып, қосарыңыз бар ма?
— Бұл жерде министр Құран сөздерін келісті, келіссіз жерге тықпаламау мәселесін меңзеді деп ойлаймын. Ақиқатында, қасиетті Құранның сөздерін шын ұғынған адам өз-өзін тәрбиелейді. Бойын жамандықтан алыс ұстайды. Егер «Аллаһу акбар», яғни «Алла ұлық» деп ұран салып, адам өлтіретін болсақ, бұл әрине надандық, дінсіздік. Мәселенің осы жағына көбірек назар аударуға тиіспіз.
Қайролла КӨШҚАЛИЕВ, Атырау облысы дін істері
басқармасының басшысы: