2020061814101631376 2020061814030818475 nazarbaev i tokaev

Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы маңызды мәлімдеме жасады

COVID-19: Соңғы поштадан... Жаңалықтар

Аtr.kz/18 маусым, 2020 жыл. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың ауруына қатысты түсінік берді.

Ол айдың басынан бастап Нұрсұлтан Назарбаевтың жұмыс кестесі толық көлемде өткенін атап өтті. Бұл туралы «zakon.kz»хабарлады.

Елбасы бірқатар екіжақты келіссөздер өткізді, ресми тұлғаларды қабылдады. Сонымен қатар, Тұңғыш Президент отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне сұхбат берді. Телевизиялық түсірілімдерді ұйымдастыруға барлығы 40-тан астам адам, оның ішінде шетелдік азаматтар да қатысты. Жалпы, Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулық жағдайы медициналық қызметтің қатаң бақылауында. Дүрбелең мен қатты алаңдауға негіз жоқ. Елбасы заманауи байланыс арналарын қолдана отырып, қашықтан жұмыс істеуді жалғастыруда, – деді А.Үкібай.

Бекітілген хаттамаға сәйкес, Тұңғыш Президенттің басқа адамдармен тікелей байланыстары шектелді. Елбасының қатысуымен жоспарланған кейбір іс-шаралар интернеттегі бейнеконференция арқылы жүзеге асуы мүмкін.

2020061815281514402 2020061815020563738 2019042321073922842

Ресми ақпарат жарияланған алғашқы минуттардан бастап біз алаңдаушылық білдірген азаматтардан хабар ала бастадық, олар Тұңғыш Президенттің тезірек сауығып кетуіне тілек білдірді. Менің телефоныма көп қоңыраулар келіп түсуде, ват-сап желісі де хабарламаға толып кетті. Журналистер, достарым, туыстарым, әріптестерім, оның ішінде жақын және алыс шетелдегілері де Елбасымызға мықты күш-қайрат және зор денсаулық тілеуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Тұңғыш Президентке өз қолдауы мен тілегін білдірді, Елбасы кеңсесіне еліміздің барлық аймақтарынан жеделхаттар келіп түсуде. Нұрсұлтан Назарбаев өз денсаулығына алаңдаушылық білдіріп, жылы лебізін жеткізген барлық қазақстандықтарға өз ризашылығын білдіреді, – деп жазды А.Үкібай.

Ал, Қазақстан Республикасының екінші Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус жұқтырған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тіледі.

Өкінішке қарай, коронавирус біздің Тұңғыш Президентіміз, Елбасыны да айналып өтпеді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тезірек сауығып кетуін тілеймін. Ол рухы мықты адам. Оның бүкіл өмірі күреске толы, сондықтан, ол бұл сынақты да жеңіл еңсереді деп сенемін, деп жазды ол twitter-інде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған