Нұрсаяда қоқыс таситын көлік өртенді

img 20210112 wa0151 Жаңалықтар

2021 жылғы 12 қаңтарда сағат 10:19 минутта Атырау қаласы Нурсая ықшамауданындағы тұрғын үйдің алдында жүк автокөлігінің жанып жатқандығы туралы хабар түсті.

Шақырту орнына өрт сөндіру бөлімдері барған кезде, «Арнаулыавтобаза» ЖШС қарасты Камаз маркалы қоқыс таситын автокөлігінің  жанып жатырғандығы анықталды.

Өрт сағат 10:38 минутта оқшауланып, 10:48 минутта толықтай жойылды.

Өрт салдарынан қоқыс таситын автокөліктің алдыңғы бөлігі мен 2 дөңгелегінің  толықтай жануы болды.

Өртті сөндіруге 2 бірлік техника мен 7 жеке құрам жұмылдырылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Атырау облысы бойынша 91 автокөліктердегі өрт оқиғасы тіркелді, оның 20 – жүк автокөліктерінде, 69 – жеңіл автокөліктерде, 2 өрт оқиғасы жолаушылар таситын автобусында тіркелді.

2021 жыл басталғалы автокөліктерде 3 өрт оқиғасы тіркелді, оның 1 – жеңіл автокөліктерде, 2 жүк автокөліктерінде орын алып отыр.

Құрметті автокөлік иелері! Өз автокөліктеріңізде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңыз сұралады және де әр автокөлікте өрт сөндіргіш болуы керектігін ескертеміз!

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланс тобы«

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз