Нұрлан Ноғаев атыраулықтарды «Алғыс айту» күнімен құттықтады
Atr.kz/1- наурыз, 2019 жыл. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев атыраулықтарды 1 наурыз – Алғыс айту күнімен құттықтады.
Қадірменді жерлестер!
Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мейірімділік, бір-біріне деген шынайы жанашырлық және сыйластық атты керемет қасиеттер қазақтың сайын даласында достық пен өзара келісімнің ғажайып атмосферасын қалыптастырды. Бұл жетістікпен барша қазақстандықтар мақтана алады.
Отандастарға, қасиетті қазақ даласына деген шынайы ризашылық сезімі бұл мақтанышты ерекше мазмұн, достық рәуішпен толықтырып отыр.
Міне, нақ осы күні, яғни, 1995 жылдың 1 наурызында Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған болатын. Біздің көп ұлтты республикамызды мекендеп отырған этностар осынау тарихи дата күні бір-біріне және сол бір депортация жылдарында тағдыр айдап Ұлы Дала төсіне келген кезде құшақ жая қарсы алған қазақ халқына алғыс айтады.
Күнтізбедегі осынау мерекелік дата – жолда кезіккен кедергілерге төтеп беріп, қуатты мемлекет қалыптастыруға тікелей атсалысқан барша қазақстандықтарға деген құрметтің белгісі болып табылады. Және бұл мереке баршамызды бірлік, бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайтуға үндейді.
Осынау тамаша күнде баршаңызға ашық аспан, денсаулық, бақыт және еңбекте табыс тілеймін. Ортақ үйіміз Қазақстан Республикасы жасасын!
Құрметпен,
Нұрлан НОҒАЕВ, Атырау облысының әкімі.
Әмин! Еліміз, жеріміз, халқымыз аман болсын! Әр отбасында татулық, ырыс-береке, бақыт болғай!