Жаңалықтар

Нұрасыл – олимпиаданың қола жүлдегері

​​Еуропалық физика олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы төрт медальмен толықты

Грузияда EuPhO  Еуропалық физика олимпиадасы аяқталды. Нәтижесінде қазақстандық  оқушылар  тағы төрт медаль иеленіп, жеңіс қоржынын толықтырды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазақстан командасының құрамында: 

Алматы қаласы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы Бекасыл Елубай мен Астана қаласы РФММ 10-сынып оқушысы Альтаир Ақанов күміс жүлдеге, Н.Нұрмақов атындағы Қарағанды облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова мен Атырау қаласының № 1 «Білім-Инновация»  мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Нұрасыл Барлыбаев қола жүлдеге қол жеткізді.

img 0579

Жас физиктерді жеңісімен құттықтаймыз!

Анықтама үшін: Еуропалық физика олимпиадасы жоғары сынып оқушылары арасында өткізіледі. 2023 жылы еліміздің командасы 1 күміс, 2 қола және 1 Құрмет грамотасын жеңіп алған болатын.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button