Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Нұр-Сұлтан қаласында парадзюдодан ел біріншілігі аяқталды

Atr.kz/17 ақпан, 2020 жыл. Нұр-Сұлтан қаласында парадзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті.  Жандос Қиянов  жаттықтыратын Атырау облысының спортшылары боз кілем додасынан  4 алтын және 2 күміс медаль еншілеп,  жалпы командалық есепте бірінші орын иеленді.

Ерлер арасында бәсекелерде  81 келі салмақта ақтық сынға қос атыраулық  шығып, Ғалымжан Смағұлұлы  тартысты сында Темірболат Ташекеновтің осал тұсын таба білді. Ал, 90 келілер сайысында  жерлесіміз Аманжол Жанботаға тең келер ешкім болмаса,  100 келілік палуандардың финалында күрескен Ерлан Өтеповке аздаған сәттілік жетіспеді.  Құрамамыздағы соңғы медальді  аса ауыр салмақ дәрежесінде Бақыт Ысмағұлов еншіледі. Ол барлық белдесулерінде де озық шықты.

Осыларға қоса, бұрымдылар арасында +70 келі салмақта өнер көрсеткен қаракөзіміз Зарина Байбатина да биік тұғырдан көрініп, Қазақстан чемпионы атанды.

Мұратбек  ЖАҢАБАЙ

83991359 2646975185522856 2444465105916657664 o
84106300 2646975072189534 3756743409172217856 o

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-%d2%93alamtor-alaya%d2%9btaryna-aldanatyndar-k%d3%a9p/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button