Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

«Nur Otan» партиясы: Ұсыныстар назардан тыс қалмайды

Тұрғындардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасау – «Nur Otan» партиясының негізгі міндеті.

Өйткені, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты – тұрақты даму көрсеткіші. Бұл мақсатта жетекші партия бекіткен «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасында нақты іске асатын іс-шаралар көрсетілген.

Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының кестесіне сәйкес, мәслихат депутаттығына кандидаттардың бір тобы Атырау қаласы тұрғындарымен кездесті. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нәсіп Шалабаева мен қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Айжан Сәрсембаева жаңадан бой көтерген «Береке» ықшам ауданына барды.

Сандуғаш Оразбаева – көп балалы ана. Осыдан үш жыл бұрын отағасы қайтыс болғандықтан, бұл күнде мектеп жасындағы бес баласын бір өзі өсіріп отыр. Өмірдің барлық тауқыметі бір өзінің мойнында.

«2010 жылы пәтер кезегіне тұрып, он жылға жуық уақыт өткенде жаңа баспанамызға қолымыз жетті. Коммуналдық қызмет түрлері толық қосылған» деген ол балалары оқитын мектеп тарапынан түрлі қолдауларға ие болып жүргенін де жеткізді. Қазіргі уақытта онлайн оқып жүрген 5 бала үшін бір ноутбуктың аздық ететінін ескерген партия өкілдері бұл мәселені қаперге алатындарын жеткізді.

Аспаздың көмекшісі болып қызмет ететін Сандуғаш Оразбаеваның алатын жалақысы да аз.

«Күнделікті кірісім – асыраушысынан айырылғандарға төленетін жәрдемақы мен көп балалы ана ретінде алатын әлуметтік төлем ғана. Азғантай табысымды тиынына дейін үнемдеп жұмсаймын. Ұлымның үлкені – 9 сынып оқушысы, ең кішісі екінші сыныпқа барады» деген ол «Nur Otan» партиясының жастарды қолдау бағытындағы жұмыстарынан жоғары нәтиже күтетінінін айтады.

«Балам қандай да болсын оқу орнына түскен сәтте жеңілдік немесе арнайы грант қарастырылса деген тілегім бар. Сонымен қатар, осы пәтерге қолымыз жеткен сәтте, «үш бөлмелісі жоқ» деген себеппен, екі бөлмеліні берді. Енді оны кеңейтуге қатысты өтінім бермекпін. Бұл жұмыстарды да жеделдетуге мүмкіндік қарастырылса» деді ол.

Өз кезегінде кандидаттар «Nur Otan» партиясының дамудың 7 басымдығын қамтыған бағдарламасында бірнеше маңызды мәселелердің нақты шешімі көрсетілгенін жеткізді. Сайлаушы атаған мәселелер де партия нзарына алынады.
Өзім де көп балалы ана санатына жататындықтан бүгінгі сөз болған мәселелер маған етене таныс.

Партияның басым бағыттары қатарында тұрғын үй құрылысын дамыту мәселесі де кеңінен көрініс тапқан. Мәселен, таяу бес жылдық көлемінде салынатын жаңа үйлер арқылы кезекте тұрған 8,1 мың отбасыны, соның ішінде жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтады тұрғын үймен қамту қарастырылған, — деді Атырау қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Айжан Мақсотқызы.

Кандидаттар жұмыс кестесіне сай, бұдан соң, «Береке» ықшам ауданы тұрғындарын 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды. Сайлауалды бағдарламасын таратып, әр дауыстың маңызды екенін жеткізді.

Гүлжан ӘМІРОВА

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Атырау қалалық сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button