Жарнама
ЖаңалықтарСаясат

«Nur Otan»: Әлеуметтік мәселе – әркез назарда

«Nur Otan» партиясының сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында облыстық және қалалық мәслихатқа үміткерлердің бір тобы әлеуметтік тақырыптарға қатысты сұрақтарға жауап беріп, сайлаушылармен онлайн жүздесті.

Облыстық мәслихатқа ұсынылған Амангелді Абдолов, Айман Өтегенова, Гүлзада Шакуликова және қалалық мәслихат үміткерлері Алма Байнекеева, Мәдина Еркінова, Нұрбол Құрман басқосу барысында оңалту орталықтарының жұмыстары, мүгедектер мәселесі, сауықтыру шаралары, тұрғын үймен қамту, несиенің кешірілуіне қатысты түсінік берді.

«Nur Otan» партиясының басты ұстанымы ашықтық, халыққа жақын болу екенін айтқан Гүлзада Шакуликова: «Әлемдік пандемия салдарынан өмірлік құндылықтар адам, оның өмірі мен денсаулығы екенін анық ұғындырды. Түрлі деңгейде қиындықтар туындады. Алайда, осы қатерлерге қарамастан, тұрақтылықты қамтамасыз етуді басты мақсаты ұстанған партияның атқарып отырған жұмыстары ауқымды. Бұл жұмыстар әлі де жалғаса бермек» деді.

Бұдан соң, сайлаушылар тарапынан түскен сауалдар тыңдалып, нақты жауап берілді.   Мәселен, пандемия кезінде жұмыстан қысқарған адамның несиесін төлей алмай, қиындықтарға ұшырағанын айтқан тұрғын сауалына жауап берген Алма Байнекеева мәселені заңды негізде қарастыру қажеттігін атады. Яғни, несие берген банкке барып, жұмыс жасамайтыны және банктік есепшоттарында ешқандай қозғалыс болмағанын көрсету арқылы кейінге шегеру мүмкіндігі бар екенін түсіндірді.    

Мүгедектігі бар адамдар үшін оңалту бағытында жасақталған жоспарларға қатысты түсінік берген Айман Өтегенова «осындай орталықтар санын арттыру, әлеуметтік қызметкерлер мәртебесін көтеру – көзделіп отырған ұстанымдардың бірі» екенін айтып өтті. «Мүгедектігі бар адамның тобы ауыспауы, яғни, диагнозы асқынып, күрделіленіп кетпеуі үшін оңалту орталықтарына барудың маңызы зор. Қазір әр адамның тіркелген емханасы арқылы қажетті оңалту жаттығуларын жасауға мүмкіндіктер қарастырылуда. Емханаларды тиісті деңгейде жабдықтау – алдағы күндер еншісінде» деді ол.

Айта кетейік, «Nur Otan» партиясының Атырау қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасында аталған тақырыптар кеңінен қамтылған. Бекітілген құжатта: «Тең мүмкіндіктер жасаймыз. Қалада ерекше қажеттілігі бар адамдар үшін кедергісіз орта құруға ерекше назар аударылатын болады. «Кедергісіз келешек», «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобалары өз жалғасын табады» делінген. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар адамдарға қолайлы орта қалыптастыру мақсатында әлеуметтік және көлік инфрақұрылым объектілерін 75 %-ға бейімдеу, 2021 жылы мүмкіндігі шектеулі адамдардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, онлайн-режимде өз бетінше техникалық оңалту құралдарын, әлеуметтік қызметтерді алуға мүмкіндік беретін «Бірыңғай әлеуметтік қызмет» порталын іске қосу, «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында қалада «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарының санын арттыруды көздеп отыр.

«Nur Otan» — халықтың партиясы. Тұрғындар тарапынан айтылған мәселелердің 90 пайызы шешімін табуда. Сол үрдісті жалғасытруды көздеудеміз» деген кандидат Нұрбол Құрман партия бағдарламаларының қатарында тұрғын үймен қамту мәселесінің айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

Бұған қоса, тиісті дәрігерлік анықтамаға сай, мүгедектерді жұмысқа тарту, өкпе аурулары көрсеткішінің облыста көбейіп тұрғаны және пандемиядан кейін өкпені қалпына келтіруде дәрі-дәрмекке ғана сүйенбей, қалыптастыру гимнастикаларын жасаудың да маңыздылығы айтылды. Қажеттіліктеріне қарай, мүгедектерге арба беру мәселесі бұл күнде толық шешімін тапқан. «Алайда, арбамен қамту бөлек те, оның науқас диагнозына сай болуы және сапалы болуы – бөлек әңгіме. Сондықтан аталған мәселелер  «Nur Otan» партиясының назарынан тыс қалмақ емес». Сайлаушылармен сұхбатты осылай деп түйіндеген кандидаттар әр дауыстың маңызды екенін айтып, сайлауда белсенді болуға, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Атырау қаласының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button