Нумизматтар көрмесіне 20-ға жуық жеке коллекционер келді (ФОТО)
Атырауда төл теңгеміздің 24-жылдығына орай нумизматтар көрмесі өтіп жатыр. Атырау Мұнай және газ университетінің музейінде ұйымдастырылған шарада ҚР Ұлттық банкі Атырау облыстық филиалының директоры Айнұр Көшербаева, бұл дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп тұратынын атап айтты.
«Сонау Сарайшықтан бастау алатын мұнайлы өлкенің монеталар тариxының тамыры тереңде жатыр. Мұндай шара атыраулықтардың осынау байлығымызды танып-көруге жол ашады»,-деді ол.
Көрмеде Атырау қаласындағы жеке коллекционерлердің де жинақтары көрермен назарына ұсынылды. Шараға қатысушылар арасында викториналық сұрақтар қойылып, жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Роза Исламғазиеваның қазақстандық банкнотты жинаумен айналысқанына он жылдан асыпты. Зейнеткерге монеталарды сатып алып, жинақтауға балалары көмектеседі екен. Роза апайда елімізде шыққан алғашқы монетадан бастап, барлық банкноттар бар.
Айбөпе Сабырова
Сурет автордікі